basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңа Қазақстан

ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР!

Ақпан 2, 2024
in Жаңа Қазақстан
0
ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР!
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

4 ақпан «Дүние жүзілік қатерлі ісіктің алдын алу күніне» орай 3 ақпан күні сағат 09:00-13:00 аралығында Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күні өтетінін хабарлаймыз. Қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында өтетін шарада онколог, маммолог, гинеколог мамандары елді мекендегі халықты арнайы жолдамасыз, тегін, әлеуметтік медициналық сақтандырусыз азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ, емхана базасында дәрігердің қабылдауынан бөлек УДЗ сынды аппараттарға ақысыз түсіріледі.
1. Сүт безі обыры
2. Жатыр мойны қатерлі ісігі.
3. Іш құрылысының қатерлі ісігі, бүйрек,несеп жолдарын ультрадыбыстық зерттеу көрсеткішеріне байланысты мамандардың көмегіне жүгіне аласыз.
Осы шараның басты мақсаты – қатерлі ісік туралы халықтың
ақпараттандыруын арттыру, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және алдын алу.
Қатерлі ісікке күдік болған жағдайда онкологиялық диспансерге тереңдетілген тексерулерге жіберіледі.
– Түркістан облысында 2023 жылы қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша жалпы скринингтік жоспар 100%-ға орындалды. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін скринингке көпшілік мән бергені жөн. Егер дер кезінде уақытылы тексеруден өтіп, ем алатын болса қатерлі ісікті емдеу көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан барша облыс тұрғындарын ашық есік күнінде белсенді болуға шақырамыз. Емдік шараға кез-келген Түркістан облысының азаматтары мен қонақтары жолдамасыз, тегін, әлеуметтік сақтандырусыз жүгіне алады, – деді Бауыржан Бертаев.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан №3 Клиникалық-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі Рахим Абдурасулов қатерлі ісікке шалдыққандар ішінде сүт безі және өкпе обыры, жатыр мойны қатерлі ісігі, тоқ ішек обыры жиі кездесетінін айтты. 2023 жылдың 5-қазан күні ҚР Үкіметі онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдаған. Осыған сәйкес, екпені егде жастағы қыздарға кезең-кезеңімен енгізу және 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау енгізу жоспарлануда.
АПВ-ға қарсы вакцина – қауіпсіз және жанама әсерлер тудырмайды. Ол 100-ден астам елде жүзеге асырылуда.
Жатыр мойны обырының дамуының себебі – адам папилломавирусы екені бұрыннан белгілі. Бұл аурудың алдын алудың жалғыз және тиімді әдісі – вакцинация. Біздің елде егу науқаны 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан басталады.

Previous Post

Вакцинацияның пайдасы көп

Next Post

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі