Билирубин – қан құрамындағы эритроциттердің ыдырауынан пайда болатын өт пигменті.
Теріні, көздің ішін сарғайтып жіберетін осы билирубин екенін білуші ма едіңіздер?
Билирубиннің 3 көрсеткіші болады:
тіке емес (непрямой, свободный) – гемоглобин ыдырауынан пайда болған өнім, токсиндік әсері бар
Оның қандағы мөлшері 16,4 мкмоль/л аспау қажет
тікелей (прямой) – бауырға өтіп, бауырда глюкурон қышқылымен байланысқанының арқасында токсиндік әсерін жояды. Ары қарай ішек пен бүйрек арқылы сыртқа шығады
Қандағы мөлшері аз – 0 – 5,1 мкмоль/л арасы жалпы (общий) билирубин – тікелей және тікелей емес көрсеткіштердің қосындысы
Қалыпты мөлшері – 0,5 -20,5 мкмоль/л арасы.
Ішекте ол стеркобилиноген -ге айналып, нәжіске (кал) қоңыр түс береді
Аз мөлшерде уробилиноген несеппен (моча) шығып, оған сарғыш түс береді ⠀
Билирубиннің жоғарылауы
тіке емес билирубин жоғарылауы – эритроциттердің шамадан тыс көп мөлшерде ыдырауы ( массивный гемолиз эритроцитов) себепті, бауыр оларды зарарсыздандырып үлгермеуінен
Мұндай жағдай – улану кезінде, резус-конфликт және кейбір қан ауруларында болады
тіке билирубиннің жоғарылауы – өт жүретін жолдардың бітеліп қалуы себепті, өт шығуына кедергі болған кезде болады
өт жолдары ісігі, тас, ісіну, спазмы, стенозы, т.б. сырқаттарында ⠀
ал, бауырдың өзінің тканьдері зақымдалған сырқаттарда билирубиннің барлық көрсеткіштері жоғарылап кетеді⠀
гепатиттерде, цирроз, т.б.⠀
Қай кезде тексеріледі?⤵️⤵️⠀🌡 профилактикалық тексеру кезінде
бауыр және өт жолдары сырқаттарында (гепатит, цирроз, холецистит, өт тас ауруы,т.б.)
қан сырқаттарында (гемолититкалық анемия, т.б.)
вирустық гепатиттерде (гепатит А, В, С,т.б.)
бауырға токсиндік әсері бар препараттарды және алкогольды ұзақ уақыт ішіп жүрген пациенттерде
ұйқы безі ісігінде және басқа да органдар ісігінде, метастаз жағдайында, т.б.