Вакцина профилактикада ең маңызды рөл атқарады. Тұрғындар арасында бұл негізгі және қолданбалы алдын алу шаралары болып келеді. Иммунизация жүргізу әртүрлі жұқпалы аурулардың біріншілік алдын алуда ерекше маңызы бар. Қазіргі таңдағы медицина саласы жалпы эпидемия болуын алдын алуда әртүрлі әдістерімен алда келе жатыр. Сол көптеген денсаулықты нығайту және алдын алу шаралар ішінде алдынғы орында екпе жасау болып келеді. Вакцинация барлық уақытта көптеген қауіпті жұқпалы аурулармен күресудің негізгі құралы. Адам организміне әлсіз микроорганизмдерді енгізу әдісі 18 ғасырда медицина ғылымындағы көрнекті жетістіктердің бірі иммунитет қалыптастыру мақсатында миллиондаған адамдар өмірін құтқарды.
Вакцинациялау халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тұрғындарға 20 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз, жоспарлы түрде иммундау жүргізіледі.
Қосымша жаппай иммундау науқандарының шеңберінде 1,2 млн. астам бала қызылшаға қарсы вакцинациялаумен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Елдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, сондықтан қаңтар айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылық 8%-ға төмендеді. Сонымен, жеті өңірде (Алматы, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстары) сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, 11 өңірде жағдай тұрақты және сырқаттанушылықтың өсуі Ақтөбе және Атырау облыстарында сақталуда.
2023 жылы Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы 700 мыңнан астам бала және бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 210 мыңнан астам бала толықтыру иммундауы шеңберінде егілді.
ДДҰ Еуропалық өңірлік офисінің иммунопрофилактика бойынша жетекші сарапшысы Сидхарт Датта, республикада қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы шаралар ДДҰ ұсынымдарына сәйкес деп таныды.
Сонымен қатар, еліміздегі иммундау бағдарламасының жетістігі әрбір азаматқа байланысты.
Осыған байланысты, ата-аналардың назарын балаларды уақтылы иммундау қажеттілігіне аударамыз. Вакцинациялау жүргізілмеген жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда профилактикалық егуді алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз.
Егер қызылша ауруының белгілері пайда болса, медициналық көмекке жүгініңіз және өз-өзіңізді емдемеңіз.
Инфекция жұқтырудың және аурудың ықтимал асқынуларының алдын алу қызылша ауруымен сырқаттанудан сақтандыратынын айта кеткен жөн