Түркістан облысындағы денсаулық саласы бойынша халықтың көкейіндегі сұрақтар бойынша Басқарма басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Сатыбалдының қатысуымен халықпен кездесу өтеді. Сонымен қатар кездесуге медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатысады. Халықпен кездесу 09.02.2024ж өтеді.
Айта кетейік, Жетісай ауданында кездесу сағат 10.00-12.00 аралығында аудандық әкімшіліктің үлкен залында өтеді. Ал Мақтаралы ауданындағы кездесу 15:00-де Мақтарал ауылдық округі Өркениет елді мекені Мақтарал агро колледж ғимаратының үлкен мәжіліс залында өтеді.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің халықпен кезекті кездесуі Кентауда өткен еді. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асқан Мархабайұлы Кентау қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында,қала тұрғындарына 2023 жылғы атқарылған жұмыстар барысы мен 2024 жылға жүзеге асырылатын жоспарлар мен жобаларды баяндап өтті.Қала тұрғындарымен кездесу барысында басқарма басшысы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері , медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және жыл сайынғы жалақыны арттыру жөніндегі жұмыстарды банядады.
А.Байдувалиев кездесуде мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ауыл аймақтардағы денсаулық сақтау саласын дамыту басты мақсаттардын бірі екендігін атап өтті.
Сондай-ақ басқарма басшысы Кентаулық халықтың мәселерін тыңдады. Сұрақтары бар азаматтарды жеке қабылдап, жауап берді. Кездесуде тұрғындар тарапынан бірқатар сауалдар жолданып қажетті жауаптар берілді,жиын соңында жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп,сұрақтарға заң аясында жауаптар берілді.Сонымен қатар бұл жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Н.Кидирбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіріп өтті және халықтан түскен сұрақтарға жауап берілді.