Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің халықпен кезекті кездесуі Кентауда өтті. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асқан Мархабайұлы Кентау қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында,қала тұрғындарына 2023 жылғы атқарылған жұмыстар барысы мен 2024 жылға жүзеге асырылатын жоспарлар мен жобаларды баяндап өтті.Қала тұрғындарымен кездесу барысында басқарма басшысы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері , медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және жыл сайынғы жалақыны арттыру жөніндегі жұмыстарды банядады.
А.Байдувалиев кездесуде мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ауыл аймақтардағы денсаулық сақтау саласын дамыту басты мақсаттардын бірі екендігін атап өтті.
Сондай-ақ басқарма басшысы Кентаулық халықтың мәселерін тыңдады. Сұрақтары бар азаматтарды жеке қабылдап, жауап берді. Кездесуде тұрғындар тарапынан бірқатар сауалдар жолданып қажетті жауаптар берілді,жиын соңында жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп,сұрақтарға заң аясында жауаптар берілді.Сонымен қатар бұл жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Н.Кидирбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіріп өтті және халықтан түскен сұрақтарға жауап берілді.
Халықтың медициналық қызметке жүгіну көрсеткіші өсіп отыр. Медицина қызметіне жүгінген халыққа сапалы көмек көрсету қажет. Бүгінгі таңда аталған сала бойынша келіп түсетін шағымдар саны артқан. Жекеменшік медициналық мекемелермен тығыз байланыс орнатылып, алгоритм жүйесін өзгертіп, қайта жаңарту керек. Жалпы облыста 2023 жылдың қорытындысымен 2 046 668 тұрғынның ішінде МӘМС жүйесіне сақтандырылғандар саны – 1 606 145, сақтандырылмағандар саны – 414 869. МӘМС жүйесін түсіндіру, тіркеу және осы жүйе арқылы сапалы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жандандыру қажет. Облыста 2023 жылдың қорытындысымен ішкі медициналық көрсеткіштерді жақсарту, медициналық қызмет сапасын көтеру, адами және материалдық ресурстар тиімді және қарапайым пайдалану бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдары тіркелген халыққа қажетті медициналық көмек көрсету және жыл басынан бастап қойылған жұмыстың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.