Ағымдағы жылдың 7-ақпанында «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойы мерекеленді. Бірлестік әр саланың майталман мамандарынан және кәсіпкер әйелдер мен іскер қыз-келіншектерден құралған.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ұйым мүшелеріне әрбір атқарып келген игі шаралары үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, аудан әкімі әйелдер денсаулық сақтау саласында да белсенді екенін айттып, айтулы мерекемен құттықтап, марапаттар тапсырды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласы бойынша аудандық аурухана кардиолог дәрігері АХАТАЕВА ҰЛДАР ТАЛҒАТҚЫЗЫН және жалпы тәжірибелі дәрігер ИДОЯТ ТҰРСЫНАЙ НАРИМАНҚЫЗЫН мерекемен құттықтап, тәжірибе мен білімдерін ұлт саулығына арнаған мамандарды АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.
Айта кетсек, осы күні өңірде ашық есік күндері өтуде. Дүние жүзілік қатерлі ісіктің алдын алу күніне орай 7 ақпан күні облыстың онколог және маммолог мамандарына Облыстық клиникалық ауруханасында «Қатерлі ісік ауруларының заманауи диагностикасы мен емі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында облыстағы онкологиялық жағдай, жоспарлы скринингтік тексерулер, адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау және паллиативтік көмек жағдайлары жайлы талқылау өтті.
Ашық есік күніне кез келген Түркістан облысының азаматтары мен қонақтары жолдамасыз, тегін, әлеуметтік сақтандырусыз жүгіне алады.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының Облыстық клиникалық ауруханасы Онкологиялық орталығында 10010 науқас диспансерлік есепте тұрады (2022 жылы 9435 науқас). Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6% өскен.
Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық құрылымында:
1. Сүт безі обыры
2. Өкпе обыры
3. Жатыр мойны қатерлі ісігі.
4. Тоқ ішек обыры
Қатерлі ісіктен өлім-жітім 2023 жылы 810 науқас көз жұмды (2022 ж. – 879 науқас), өлім-жітім 13,6%-ға төмендеді. Қатерлі ісіктің 0-І сатысын ерте диагностикалау көрсеткіші 2023 жылы 21,1 %-ға өсті (2022 жылы – 18,9%)6 ал III, IV кезеңдердің көзге көрінетін локализациясының кең тарағанжәне асқынған қатерлі ісіктерінің көрсеткіші 17,2 % төмендеп, 9,3 %-ды (2022 ж.– 11,3 %) құрады.