АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш жүйені зақымдайды. АИТВ қоғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ мен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды.
АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын қорғаныш (иммунды) жүйені зақымдайды. АИТВ қоғаныш жүйесінің белгілі клеткаларын (CD4 клеткаларын) зақымдайды. CD4 клеткаларынның азаюына қарай ауру деңгейі анықталады. АИТВ мен өмір сүретін адамдарды АИТВ-жұқтырғандар деп атайды.
АИТВ жұқпасының бірнеше жұғу жолдары бар:
АИТВ жұғудың 3түрі
1) ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ-сақтанбаған (мүшеқапсыз) терең жыныстық қатынас;
2) ҚАН АРҚЫЛЫ
Шприц, ине және басқа да инъекция құралдарын ортақ қолдану;
Тату пирсинг үшін залалсыздандырылмаған құралдар қолдану;
Бөгде адамның қырынатын заттарын, көзге көрінетін қан қалдықтары бар тіс щеткаларын қолдану нәтижесінде;
Жұқпасы бар қан тапсырушының қанын құйғанда.
3) АИТВ-ОҢ НӘТИЖЕЛІ АНАДАН БАЛАҒА- жүктілік, босану және емізу кезінде.
АИТВ жұқпайтын кездер
АИТВ оң нәтижелі адамдармен тұрмыста араласу мүлдем қауіпсіз;
Тер мен көз жасы арқылы;
Жөтелгенде және түшкіргенде
Ортақ ыдыс немесе төсек жабындарын пайдаланғанда
Ортақ қауыз бен унитазды пайдаланғанда
Спортпен ортақ айналысқанда
Қоғамдық көліктерде
Қол алысу немесе құшақтау кезінде
Жануарлар арқылы немесе жәндіктер шаққан кезде
Сүйіскен кезде сілекей арқылы
АИТВ жұқтырған адам пайдаланған кітаптар, кеңсе керек-жарақтары, жиһаз, телефон арқылы АИТВ жұқтыру мүмкін емес.
АИТВ жұқтырған анадан балаға вирустың берілуі бірнеше жолмен жүруі мүмкін. Ең көп таралған (инфекция жағдайларының 80-90%) – бұл трансплацентальды инфекция, яғни вирустың ананың қанынан ұрықтың қанына плацента арқылы берілуі. Егер анасы жүктілік кезінде өзіне тағайындалған антиретровирустық препараттарды (АИТВ-инфекциясына қарсы препараттар) қабылдаса, инфекцияның трансплацентарлық берілу мүмкіндігі шамамен 3 есе төмендейді. Балаға АИТВ инфекциясының екінші берілу мүмкіндігі босану кезінде (интранатальды жол), бала босану жолымен жүріп, ананың қанымен және вагинальды секрецияларымен байланыста болған кезде беріледі. Бұл жағдайда инфекцияның алдын-алу-кесар жүргізу. Сондай – ақ, инфекцияның бала туылғаннан кейін-ана сүті арқылы берілуі мүмкін. АИТВ жұқтырған әйелдерге инфекцияның берілуінің осы нұсқасын болдырмау үшін ана сүтімен тамақтандыру ұсынылмайды.
Жүктіліктің дұрыс жүргізілуімен баланы жұқтыру қаупі едәуір төмендейді, яғни сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі өте нақты болады.
Арнайы шаралар болмаған кезде АИТВ-жұқтырған анадан АИТВ-жұқтырған баланың туу қаупі 30%-ды құрайды; алайда, егер АИТВ-жұқтырған әйелдегі жүктілік және босану барлық қағидалар бойынша жүргізілсе, вирустың балаға берілу қаупі 5% – ға дейін төмендейді.