Емхана құрылымында «Пациенттерді қолдау» орталығы жұмыс жасауда. Емхана тіркеу бөлімінің жанында орналасқан. Емханаға қатысты пациенттерден түскен ауызша және жазбаша қалдырған арыз шағым, сонымен қатар 1414 call орталығы мен ФСМС, Е – өтінішке пациенттерден түскен шағымдардың барлығы қаралып, уақытылы шешімін тауып отырады. Қазіргі уақытта пациенттерден түскен шағымдарды болдырмау мақсаты – медициналық мекемелер көрсететін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін арттыру.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің міндеті – ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара қарым-қатынас орнату. Яғни өтініштер мен шағымдарды қарау және пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларын реттеу.Аталған қызмет жалпы медициналық ұйымның медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіреді. Бұл пациенттердің мәселелерін қарастырып, шешіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды және медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді тексереді, ақаулардың алдын алу, оны жою бойынша жұмыс істейді, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды үйретіп-оқытадыҚызмет медициналық ұйымның өзінде орналасқанына және басшылығына бағынышты болуына қарамастан, оның мақсаты – қызмет көрсету сапасын жақсарту. Яғни ол пациенттерге медициналық қызметтерді тиісті деңгейде және толық көлемде алуға көмектесуге, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылауға, бұрмалаушылық фактілерін анықтауға және олар бойынша жұмыс жүргізуге мүдделі.
Пациент аталған қызметке көмек сұрап хабарласатын жағдайлар жетерлік. Мысалы, шұғыл медициналық көмек алу немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесін талап еткенде; учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартқанда; учаскелік дәрігер, медбике мен фельдшер осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болса да үйге шақырту қызметін көрсетпегенде, дәрігердің жоқтығынан немесе жазба бір айға толық жазылғандықтан бейінді маманнан кеңес ала алмай жүргенде, денсаулық көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмегенде, жүргізілген тексерістің нәтижелерімен таныстырмағанда, дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытқанда, көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбағанда, диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданғанда, медициналық жазбаларда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтағанда пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.