Статистикаға сәйкес, емханада бір тұрғын жылына 7 не 9 рет дәрігерге қаралады.Түркістан қалалық емханасындағы фронт-офис қызметіне былтыр 3 000-нан астам тұрғын жүгінген, . Түркістан қалалық емханасындағы фронт-офис қызметіне былтыр 3 000-нан астам тұрғын жүгінген. Бүгінде қалалық емханада тіркелушілердің 83,2 пайызы сақтандырылған. 2023 жылы емханаға 863 421 азамат келіп, ем-дом алған. Статистикаға сәйкес, емханада бір тұрғын жылына 7 не 9 рет дәрігерге қаралады. Сонымен қатар, емханада барлық науқастарға қолайлы жағдай қарастырылған. Сондай-ақ, күнделікті мониторинг жүргізу және науқастың профилактикалық шараларға толықтай үйренуі үшін «смарт сағаттар» енгізілген. Айта кетсек, бүгінде бала өлімі бойынша шаһар жасыл аймақта. Дәрігерлердің бақылауына алынған 2 248 жүкті ана кері әсерсіз босанған. Сондай-ақ, скринингтік тексеруден – 35 038 адам өткен.
Емхана құрылымында «Пациенттерді қолдау» орталығы жұмыс жасауда. Емхана тіркеу бөлімінің жанында орналасқан. Емханаға қатысты пациенттерден түскен ауызша және жазбаша қалдырған арыз шағым, сонымен қатар 1414 call орталығы мен ФСМС, Е – өтінішке пациенттерден түскен шағымдардың барлығы қаралып, уақытылы шешімін тауып отырады. Қазіргі уақытта пациенттерден түскен шағымдарды болдырмау мақсаты – медициналық мекемелер көрсететін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін арттыру.
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің міндеті – ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара қарым-қатынас орнату. Яғни өтініштер мен шағымдарды қарау және пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларын реттеу.Аталған қызмет жалпы медициналық ұйымның медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіреді. Бұл пациенттердің мәселелерін қарастырып, шешіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің кадрларын, жабдықтарын пайдаланудың тиімділігін бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды және медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді тексереді, ақаулардың алдын алу, оны жою бойынша жұмыс істейді, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды үйретіп-оқытадыҚызмет медициналық ұйымның өзінде орналасқанына және басшылығына бағынышты болуына қарамастан, оның мақсаты – қызмет көрсету сапасын жақсарту. Яғни ол пациенттерге медициналық қызметтерді тиісті деңгейде және толық көлемде алуға көмектесуге, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылауға, бұрмалаушылық фактілерін анықтауға және олар бойынша жұмыс жүргізуге мүдделі.