Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2030 тұрақты даму мақсаттарына жету жолында ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту және нығайту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін БҰҰ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ведомство басшысы өзара іс-қимылды күшейту жоспарланып отырған – адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың жоспарланып отырған басталуына ерекше назар аудара отырып, иммундау бағдарламаларын күшейту, инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) профилактикасы, медициналық ұйымдардың төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету және вакцинамен басқарылатын аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды тиімді болжау секілді бірнеше басым бағыттарды атап өтті.
БҰҰ Балалар қорымен диалогта Министр жүкті әйелдер мен жас балаларға медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін (ӘПМ) күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
«ӘПM сыртқы ревизиясы патронаж моделінің қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін анықтауға және жақсартуды қажет ететін өңірлерді анықтауға көмектеседі. Біз балалардағы аутизм спектрі бұзылуының өсуіне назар аударуымыз, балалардың мүгедектігінің артуына талдау жүргізуіміз, бұл үрдісті жүргізілетін скринингтердің сапасымен байланыстыруымыз керек», – деп атап өтті А.Әлназарова өз сөзінде.
Сондай-ақ, ол қызметтердің қолжетімділігі, қаржыландыру, тариф белгілеу мәселелерін шешуді талап ететін жастар денсаулық орталықтары жұмысының тиімділігі мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, министр халықаралық сарапшыларды халық сырқаттанушылығының неғұрлым дәл болжамдарын қалыптастыру, осы негізде кадрлық, тарифтік, қаржылық саясатты айқындау үшін санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге жәрдемдесуге шақырды.
Бұдан әрі ведомство басшысының айтуынша, ТЖ жағдайында медициналық ұйымдардың жұмысын қайта қарау қажет, онда басымдықтарды белгілеп, үш жылдық іс-қимыл жоспарын жасау керек.
А.Әлназарова жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күресте халықаралық әріптестердің үлкен рөлін атап өтіп, жастардың арасында синтетикалық есірткінің таралуына, өңірлік ЖИТС-орталықтарының әлеуетін күшейтуге, жалпы практикалық денсаулық сақтаудың әртүрлі сын-қатерлерге, соның ішінде көші-қон ағындарының күшеюіне дайындығын қамтамасыз етуге назар аударды.
Елдік ДДҰ басшысы Скендер Сыла ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюгенің Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтауын жеткізіп, халықаралық ұйым тарапынан бірнеше негізгі бастамаларды атап өтті.
Сыла мырза медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша жаһандық коалиция құруға бейілділігін білдіріп, ДДҰ Қазақстанға осы бастаманың тұжырымдамасын әзірлеуде ынтымақтасуға және көмектесуге дайын екендігіне сендірді. Ол сондай-ақ даму бойынша әріптестерді белсенді тарта отырып, «Денсаулық үшін әріптестер» форумын өткізуді ұсынды, онда халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға үлес қосатын барлық қатысушылардың бірлескен жоспарлары талқыланады.
Өткен пікір алмасуды қорытындылай келе, Денсаулық сақтау министрі халықаралық ұйымдардың барлық өкілдерін денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы сын-қатерлерге қарсы күресте күш біріктіруге шақырды және консультациялық және техникалық қолдау көрсеткені, халықтың денсаулығын жақсарту үшін бірлескен бағдарламаларды іске асырғаны үшін алғысын білдірді.