Қызылша— бұл өте жұқпалы вирустық инфекция. Қызылша ауа тамшыларымен беріледі және ауада және беттерде бірнеше сағат бойы сақталуы мүмкін.Алғашқы белгілер инфекциядан 8-12 күн өткен соң пайда болады:
-40.5 дейін жоғары -температура,
-тұмау,
-көздің қызаруы,
-ауыздың шырышты -қабатында ұсақ ақ дақтардың пайда болуы.
Бірнеше күннен кейін бөртпе бетке және мойынның жоғарғы бөлігіне таралады, содан кейін біртіндеп төмендейді.
Науқастардың төрттен бірінде қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе балаларда асқынулар жиі кездеседі:
– соқырлық,
– энцефалит,
– ауыр диарея,
– құлақ инфекциясы,
– пневмония,
– жүрек ақауы,
– саңырау.
Қызылшаның ең қорқынышты асқынуы — бұл қызылша вирусының миды зақымдап, уақыт өте келе (айлар немесе жылдар) физикалық және психиқалық деградация мен мүгедектікке алып келетін жеделденген склерозданған панэнцефалит. Сонымен қатар, қызылша иммундық жадты «өшіреді», осылайша ағза бұрын ауырған инфекцияларға да сезімтал болады.
Қызылшаның асқынуын вакцинация арқылы болдырмауға болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, ҚҚП вакцинасы 12-15 айлық және 6 жастағы балаларға егіледі.
Соңғы үш жылда коронавирустан пандемия болғалы халық арасында қызылша мен қызамыққа қарсы егу төмендеді.
Бірқатар көршілес тәуелсіз елдерде соңғы кезде: Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б. елдерде қызылша ауруы өршуде.
Шымкент қаласында 2021-2022 жылдары қызылша ауруы тіркелмеді.
Осыған орай қырағылық танытып, халық арасында қызылшаның алдын алған жөн!
Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. 1963 жылы қызылшаға қарсы вакцина егуге және вакцина егу кеңінен тарағанға дейін, қызылша ауруының ірі эпидемиясы 2-3 жылда қайталанып, жылына 2,6 миллионға дейін өлім жағдайлары тіркелген.
Ауру байланыс және ауа арқылы ауа-тамшы жолымен таралады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде түкірікпен бөлінеді. Вирустың тез тарайтыны соншалықты, сыртқы ортада тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлар да белгілі.
Инкубациялық кезеңнің 2-күні мен бөртпелер шыққаннан кейінгі 4 күн аралығында ауырған адам инфекция көзі ретінде айналадағыларға қауіпті таратушы болады. Ал, 5-күннен бастап, бөртпелері бар адам ауруды жұқтырмайды. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында анасынан берілген антиденелері сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауру жұқтыруы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Ең маңыздысы – ауру суық тию белгілерімен басталады, белгілері: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейінірек конъюнктивит (көздің шырышты қабығының қабынуы), беттің шырышты қабығында (азу тістерінің тұсында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсас дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылады. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40,5 градусқа қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады.