Облыстық балалар ауруханасының балалар невропатолог дәрігері А.Д.Адилбаев Ордабасы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне «Склерозды панэнцефалит клиникалық жағдайы » бойынша семинар өтті.
Семинарда склерозды панэнцефалит себептері, қауіп факторлары, белгілері, емі айтылып өтті. Медицина қызметкерлері сұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауаптарын алды. Қызылшамен ауырған адам жеті немесе он жылдан кейін сол дертті қайтадан жұқтыруы мүмкін. Бұл склерозды панэнцефалит-мидың прогрессивті ауруы. Ақыл-ой қабілетінің нашарлауы мен құрысуларға және әдетте өлім жағдайларына соқтырады. Жүкті әйелдер үшін қызылша аса қауіпті, себебі ол мерзімінен бұрын босануға немесе салмағында ақауы бар баланың туылуына әкелуі мүмкін.
Қызылша белгілері бірден пайда болмайды, инфекция жұқтырғаннан бастап бір-екі аптадан кейін байқалады және олар жедел респираторлық вирустық инфекцияға ұқсас келеді: температура көтеріліп, көз қызарып, ылғалданады, жөтел пайда болып, мұрыннан су ағады. Алғашқы белгілер байқалғаннан бастап екі-үш күн өткен соң ауыздағы шырышты қабықта Коплика дақтары — қызыл шекарасы бар кішкентай ақшыл-сұр дақтар пайда болады. Көп жағдайда олар беттің ішкі қуысында, төменгі азу тістердің артында орналасады. Бұл қызылшаның ең ерте көрінетін және айқын симптомы. Ауру басталғаннан кейінгі үшінші немесе бесінші күндері аурудың екінші кезеңі басталады — бөртпелер. Кішкентай қызғылт дақтар түріндегі бөртпе бүкіл денеге тез таралады. Алдымен беттің шаш өсетін аймағынан басталып, әрі қарай мойынға, денеге, қол мен аяққа дейін таралады. Алқызыл дақтар өткір қызыл түсті қышыма бөртпелерге айналады. Осы кезеңде дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, жөтел өрши түседі. Қызылша ауруында бөртпелердің пайда болуы мен жойылу тәртібі: аурудың алтыншы немесе жетінші күнінде бөртпе кеудеге, арқаға, іштің аймағы мен жамбас тұсына таралады, ал сегізінші күні дененің аяқ бөлігіне жеткен кезде бірдей ретпен жоғала бастайды — бас, бет, мойын және т.б. Бөртпелердің орнында қоңырқай дақтар ұзақ уақыт қалып қояды.
Өкінішке қарай, қызылшаға қарсы дәрі-дәрмектер жоқ. Асқынулардың алдын алу үшін тек симптоматикалық терапия жүргізіледі. Яғни, егер көз, құлақ немесе пневмония инфекциясының белгілері байқалған болса, дәрігерлер антибиотик тағайындайды, құсу мен диарея кезінде сұйықтық пен электрит теңгерімдігін қалпына келтіруге көмектесетін ерітінділер енгізіледі.