Жетісай ауданына Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Сатыбалды іс-сапармен келді. Тұрғындармен кездесудегі басты мақсат- аудандағы медицина саласына қатысты халықтың көкейіндегі сұрақтардың оңтайлы шешілуіне ықпал жасау. Азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында өткен жиынға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабековте қатысты. Іс-шара барысында тұрғындар аталған салаға қатысты тиісті мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Нәтижесінде қарапайым халықты медициналық мекемелердегі маман тапшылығы, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, медициналық қызмет сапасына бақылауды күшейту, жедел-жәрдем көліктерімен қамту, емделуге квота алу, сондай-ақ, науқастардың тексерілуге және емделуге толыққанды жағдайдың жасалуы жайлы мәселелер алаңдататыны белгілі болды. Бауыржан Нұрланұлы көтерілген әрбір сауалдың назарға алынғанын және алдағы кезеңде оларды шешудің тетіктерін одан ары жүйелендіру бойынша нақты сұраулар салынатынын мәлімдеді.
Жиын соңында Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Сатыбалды мырза тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді. Келушілердің жеке мәселелерін өз тарапынан қатаң бақылауға алатынын және орындалуын қадағалайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Жетісай ауданында медициналық ұйымдарға тіркелген халық саны 176 537. Медициналық көмек қызметін көрсететін ұйымдар саны – 4. Мемлекеттік мекемелер: Жетісай аудандық орталық ауруханасы, Жетісай аудандық «Асықата ауруханасы». Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асқан Мархабайұлы Кентау қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында,қала тұрғындарына 2023 жылғы атқарылған жұмыстар барысы мен 2024 жылға жүзеге асырылатын жоспарлар мен жобаларды баяндап өтті.Қала тұрғындарымен кездесу барысында басқарма басшысы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері , медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және жыл сайынғы жалақыны арттыру жөніндегі жұмыстарды банядады.
А.Байдувалиев кездесуде мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ауыл аймақтардағы денсаулық сақтау саласын дамыту басты мақсаттардын бірі екендігін атап өтті.
Сондай-ақ басқарма басшысы Кентаулық халықтың мәселерін тыңдады. Сұрақтары бар азаматтарды жеке қабылдап, жауап берді. Кездесуде тұрғындар тарапынан бірқатар сауалдар жолданып қажетті жауаптар берілді,жиын соңында жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп,сұрақтарға заң аясында жауаптар берілді.Сонымен қатар бұл жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Н.Кидирбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіріп өтті және халықтан түскен сұрақтарға жауап берілді.