Түркістан облысында 2023 жылы облыс бойынша 24 денсаулық сақтау нысандарының құрылыстары жүргізілді. Соның 18-ін ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда 1 аудандық емхана, 3 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Соның бірі Ордабасы ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жусансай» фельдшерлік-акушерлік пунктін ашылды. Шұбар ауылдық округі, Жусансай ауылындағы медициналық нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев және облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш мен Ғани Райымбеков қатысты.
– Құрметті аудан тұрғындары! Жаңа нысанның ашылуына келіп отырмыз. Аталған фельдшерлік-акушерлік пункті ел игілігіне қызмет етіп, емхана персоналы ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, еліміздің бұдан әрі көркейіп, кемелдене беруіне өз үлестерін қоса береді деп сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен салынған бұл нысанның жалпы ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Ауысымда 15-20 адам жұмыс істей алады. Жобаның жалпы құны 106 млн теңге. Санитарлық талаптарға, өрт қауіпсіздігіне, толық сәйкестелген және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған пункт ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы санитарлық медициналық көмек түрлерін көрсететін болады.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес, медициналық зертхана жұмысын халыққа қолжетімді ету жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе шұғыл назарға алынып, Келес аудандық «Абай» ауруханасының зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне соңғы үлгідегі аппараттар алынды.
Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес, медициналық зертхана жұмысын халыққа қолжетімді ету жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе шұғыл назарға алынып, Келес аудандық «Абай» ауруханасының зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне соңғы үлгідегі аппараттар алынды.
Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ауылдарды емдеу мекемелерімен және медициналық құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Атап айтсақ, «Ақтөбе» ауылдық округінде 12 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған «Ақтөбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына соңғы үлгідегі 2 дана автоматтандырылған анализатор қойылды. Бұл құрылғылар жақын маңда орналасқан «Бозсу», «Қаратөбе», «Көкбұлақ», «Аманат», «Жүзімдік» дәрігерлік амбулаторияларында елге қызмет көрсетеді.
«Қошқар ата» ауылдық округіне қарасты Қошқар ата дәрігерлік емханасына автоматтандырылған және соңғы үлгідегі анализатор қойылды. Келес аудандық «Абай» ауруханасында орналасқан орталықтандырылған зертхана бөліміне соңғы үлгідегі гематологиялық, биохимиялық автомоттандырылған анализатор және автоматтандырылған коагулометр алынды. Қазіргі таңда орталықтандырылған Абай зертханасында осы аппараттар арқылы ауыл халқының денсаулығы тексеріліп жатыр.