Манту сынамасы немесе ТРА екпе ретінде саналады ма?
Жоқ, себебі бұл организмдегі туберкулез микобактериясын бар, жоқ екенін анықтауға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі: тері ішіне туберкулиннің өте аз мөлшерін (Манту) немесе туберкулезді рекомбинантты (ТРА) аллергенді енгізіп, жергілікті реакцияны шақырумен көрініс береді.
Манту немесе ТРА сынамаларынан кейін туберкулезбен ауырып қалу мүмкін бе?
Енгізілетін Манту сынамасы немесе туберкулезді рекомбинантты (ТРА) аллерген құрамында толық, тірі туберкулез микобактериясы кезеспейді сондықтан инфекция көзі бола алмайды.
Манту немесе ТРА сынамаларына қандай қарсы көрзеткіш болу мүмкін?
Негізгі қарсы көрзеткіштер:
1) туберкулин және туберкулезді рекомбинантты (ТРА) аллергенге жеке көтере алмаушылық;
2) өткір, созылмалы инфекциялық және соматикалық аурулардың өршу кезіңде, туберкулезге күдік шектелген болса; 3) жайылмалы тері аурулары;
4) аллергиялық жағдай (өршу кезіңде);
5) эпилепсия;
6) инфекцияға байланысты ұжымдық балалар карантині;
Манту немесе ТРА сынамасы осы көрзеткіштерге сәйкес барлық клиникалық көріністер қайтқан соң 2 айдан кейін жасауға рұқсат беріледі.
Манту сынамасын профилактикалық екпелермен қатар жүргізуге болады ма?
Туберкулинді диагностика қауіп қатер тобындағы балаларға жоспарлы түрлі инфекциялық екпелер алдында жеке жүргізіледі.Манту сынамасымен жоспарлы екпелер арасы 2 айдан кем болмауы ұсынылады.
Туберкулезді анықтауда қандай басқа әдістер бар?
Манту сынамасы және ТРА — қазіргі таңда біріншілікті жасырын туберкулезді анықтаудағы ең тиімді зерттеу әдістері болып табылады. Сонымен қатар, дәл бірақ қымбат зерттеу әдісіне Т – лимоциттарынан бөлінетін гамма – интерферонды тесттін (IGRA-тест) жатқызамыз. Бұл үш әдіс балаларда туберкулезді анықтауға мүмкіндік береді, ересектер үшін тек ТРА және IGRA-тесттері қолданылады.
Манту мен Диаскинтест сынамасын халық арасында көпшілік екпемен (вакцинамен) шатастырып, оны салдырудан ата-аналар бас тартады. Аталған сынамалар екпе емес.
Құрметті оқырмандар, ата-аналар! Профилактикалық мақсатта 1-15 жас аралығындағы балаларға Манту және Диаскинтест сынамасын дер кезінде салсақ, микробактерияның көбеюіне жол бермейміз. Осы сынамалар арқылы анықталған микробактерияны алдын-ала жойып, бала иммунитетін жоғарылатып, келешекте дені сау жас ұрпақ тәрбиелейік!