Тұмау және ЖРВИ – бір-біріне жақын аурулар – жұғу тәсілі және негізгі белгілері бойынша ақпарат таратылды.
ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциялар) – өз белгілері бойынша тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын және тұмауды, парагрипп, респираторлық-синцитиальды инфекцияны, риновирустық және аденовирустық инфекцияларды және жоғарғы тыныс алу жолдарының басқа да катаральды қабынуын біріктіретін әлемдегі кең таралған аурулар тобы.
Тұмау – жыл сайын бүкіл әлемде жаппай өршуге және тіпті эпидемияға әкеп соқтыратын ең көп таралған жұқпалы аурулардың бірі. Тұмау әрдайым жіті басталады – науқас симптомдардың басталу уақытын дәл көрсете алады. Бірінші кезекте дене қызуы 38ºС, орташа ауырлықтағы 39 – 40ºС, ауыр ағымда дене қызуы – 40 ºС – ден жоғары болуы мүмкін. Қалтырау, бас ауруы, көз алмасының қозғалысы кезінде, бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, тамақтың ауыруы, жөтел, дауыстың қарлығуы, көзден жас ағу байқалады.
Тұмаудың асқынуы: вирустық пневмония, бактериялық пневмония. отит, гайморит, фронтит, гломерулонефрит, менингит, энцефалит. Септикалық жағдайда бактериялар қанға түсіп, онан ары көбеюімен жүреді. Өте ауыр жағдайда өліммен аяқталады.
Тұмаудың алдын алуда бірінші кезекте мұрынның, көздің немесе ауыздың шырышты қабаттарына вирустардың түсуіне жол бермеу маңызды. Бұл үшін ауырған адамдармен қатынасты шектеу қажет. Вирустар қалуы мүмкін заттармен байланысқаннан кейін қолды жуу маңызды. Сондай-ақ лас қолмен мұрынды, көзді, ауызды ұстауға болмайды.
Тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:
Тұмаудың арнайы алдын алу эпидемиялық маусымның алдында (қазан айы) жүргізілетін вакцинациялау болып табылады.
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар:
– адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
– жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
– ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
– даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жуу және мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
– өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
– үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізіп, ауасын ылғалдандыру;
– құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;
– сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;
– дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.