Бүгінде облыстағы өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілінде сөйлесе алады. Түркістан облысындағы тіл оқыту орталықтарында І тоқсан ішінде 1868 адам қазақ тілін оқыған. Облыс әкімінің 2023 жылғы 16 қарашадағы №248 қаулысымен «Түркістан облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудағы іс-қимыл жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес мемлекеттік тілдің рөлін күшейту бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 91,5% құрады. Ал биыл 92% пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде облыстағы өзге ұлт өкілдерінің 74 пайызы қазақ тілінде сөйлесе алады. Биылғы І тоқсанында тіл оқыту орталықтарында 1868 адам қазақ тілін оқыса, оның 607-сі өзге этностар. Облыста 17 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықта ересек тұрғындарға үш тіл, атап айтсақ, қазақ, орыс, ағылшын тілдері үйретіледі. Орталықтарда 51 оқытушы жұмыс істейді. 2023 жылда қазақ тілін 2754 адам, орыс тілін 1786, ағылшын тілін 1488 адам оқыған.Қазақта «Түйір нан – тамшы тер» деген керемет ұғым бар. Еңбектену үшін мол ізденіс, ал іздену үшін өз мамандығыңды шексіз сүюің қажет. Сүйікті мамандығының иесі ғана алдағы мақсат-мұраттарына сүрінбей жетері сөзсіз. Түркістан қаласындағы №9 Некрасов мектеп-гимназиясының білікті ұстазы Байметова Гавхар Айдаралиқызы осындай ізденісі мол жандардың бірі.
Гавхар бес тілде, атап айтар болсақ қазақ, өзбек, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот ұстаз. Ол аталмыш мектепте 13 жылдан бері ағылшын тілінен сабақ беруде. Бүгінде қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамда объективті әрекет пен шығармашыл тұлғаға сұраныс мол, сол себепті қазіргі таңда білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылып жатқаны белгілі. Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас орната алу негіздерін қалыптастыру екенін айқын түсінетін мұғалімнің ағылшын тілін үйретуінің де өзіндік тәсілі бар. Оқу бағдарламасына жыл сайын өзгерістер енгізіліп жатқанын назарда ұстайтын ұстаз қазіргі қарқынды дамудан, дәрісті жаңаша үйрету дағдысынан қалысар емес. Халықаралық Кембридж университетінің ТКТ Module 1, TKT:CLIL емтихандарының Band 3 иегері Гавхар Айдаралиқызының оқушылардың жан–жақты дамуы, заманауи және сапалы білім алуы, өмірде зор нәтижелерге қол жеткізу үшін ағылшын тілін үйрету тәсілі көпке үлгі. «Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет». Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдік аренада тіліміздің мәртебесін көтеру үшін тілді қастерлеуіміз қажет. Тіл мәртебесіне қатысты көп мәселелер өз деңгейінде көтерілуде. Ұлттың ұлт болып қалуы үшін де ана тілінің қолданысын нығайту қажет.