Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.
Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор, – деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
– жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
– арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
– ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;
– тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады.
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады.
Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді… Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».
Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мəселерін талдай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік жəне тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын жəне рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді жəне терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тəжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психологияда, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айналысты. Əлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен терминдерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты».
Қазақстан халқы Ассамблеясының 1999 жылдың 21 қаңтарында өткен бесінші сессиясында Елбасы былай дейді: «Қазақ халқының ұлттық тəуелсіздікке деген ішкі терең қажеттілігін қайта бағалау өте қиын. Ол ел тұрғындарының абсолюттік көпшілігін құрайды жəне өзінің тарихи-этникалық территориясын мекен етеді. Өзінің жалғыз тарихи Отанын үнемі қорғайтын қазақ халқының арқасында ғана қазақстандықтар территориясы жағынан əлемде тоғызыншы орын алатын мемлекетте тұрады».
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.
Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.