Бүгін Арыс қалалық «Мансап орталығы» филиалы ғимаратында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Мұндағы мақсат – жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау.
Осымен екінші рет өткен жәрмеңкеге 31 жұмыс берушілерден 97 субсидияланатын жұмыс пен тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды.
Шараға 78 жұмыссыз адам қатысты. Оның ішінде 3 адам пробация қызметінің есебінде тұрғандар және борышкер есебінде тұрған 1 адам.
Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша жастар практикасына 2 адам, алғашқы жұмыс орнына 1 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 1 адам, күміс жас жобасына 3 адам, сонымен қатар уақытша жұмыс орындарына 19 адам. жалпы 26 адамға жолдама беріліп, жұмыс табылды.
Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатсу бағытында көптеген консультациялар беріледі. Бұл шараны жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады. Мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқан, мамандық алған адамдар да көп. Жыл басынан осындай екінші рет өткен жәрмеңке арқасында, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс пен ақылы қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне жолданған.Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 50 колледж жұмыс атқаруда. Онда 43 мыңға жуық студент қамтылған. Биылғы оқу жылына 71 мамандық бойынша 15350 орынға мемлекеттік тапсырыс жарияланып, ол толық орындалды. Яғни, гранттар толық игерілді. Оның ішінде NEET санатында 3000 жас колледждерге тегін оқуға түсті. Олар мемлекеттік тапсырыс аясында білім, бизнес, басқару және құқық саласы, инженерлік, құрылыс және өңдеу саласы, әлеуметтік жұмыс және денсаулық сақтау саласы, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы бойынша білім алып жатыр. 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы 21000 теңгеден 32000 теңгеге көтерілді.