Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Бәйдібек ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда:
– «Жастарға арналған 2,5 % несие»
– «Бизнестің жол картасы-2025»
– «Бастау бизнес» жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек.
Семинар-тренинг бағдарламасында облысымыздағы маңызды кәсіпорындарға экскурсия жасалатын болады. Өңірімізге белгілі кәсіпкерлер өздерінің аудан, қалаларында кәсіптерімен таныстырып, жетістіктері жайында айтатын болады. Егер де сізде өз кәсібіңізді ашып миллионер атанғыңыз келсе, өз аудан, қалаңызда өтетін семинар-тренигке, экскурсияға қатыса аласыз.
Шара соңында, жастарға арнайы сертификаттар берілді.Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен “Jalyn” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Мақтаарал ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған өңіріміздегі ірі кәсіпорындарға экскурсия өткізілді.
Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Шараға қатысушы жастар «Cotton Makta» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің жұмысымен танысты.
«Cotton Makta» ЖШС- нің басшысы Мақтааралдық жеке кәсіпкер Қабыл Боев. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 60 мың тонна, тәулігіне 600 тонна мақта талшығын өңдейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде 50 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда 200-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда, дайын болған өнімдер Еуропа елдеріндегі, Қытай Халық Республикасындағы жіп иіру фабрикаларына экспортталады.