Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өткізілді.
Отырысқа комиссия мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестердің төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың, өзіне-өзі қол салу, ертежүктілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің және аудандық білім бөлімі басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Келесі мәселе «Соңғы қоңырау» іс-шарасы мен бітірушілер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен білім бөлімі басшысының баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, білім бөлімінің мектептердегі психологиялық зерделеу жұмыстарының қорытындысы туралы есебі тыңдалды.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлері талқыланды.
– Жай сөз болып қалмауы керек, әр профилактикалық жұмыстың нәтижесі болуы қажет керек,-дей келе аудан басшысы комиссия отырысының қорытындысымен кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Ең алдымен өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын иесі Нұржан Қожамбеков өңір басшысына кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Кәсіпорынды дамытудың бірқатар жолдары ұсынылып, мемлекеттік қолдау көрсетудің бағыттары қаралмақ.
Бүгінде 50-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны 200,0 млн теңгені құрайтын цехта 40-қа жуық өнім шығарылуда. Қазіргі таңда өндірілген тәттілер еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан мемлекетіне де жөнелтілуде.
«Южконд» брендімен кондитерлік өнімдер өндіретін цех 2014 жылы алғаш рет нарықтағы жұмысын бастап, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.