Биыл қазақ әдебиетінің аспанында жарқ етіп, бір-ақ сәтте жалт етіп ағып түскен жұлдыздардың бірі, жас талант Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлы небәрі 23 жыл ғана ғұмыр кешті. Оның есімі адамзат тарихынан ешуақытта ұмытылмақ емес. Осы мақсатта Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Саттар Ерубаев музей-филиалы және Түркістан қалалық Мәдениет үйі мен мәдениет үйіне қарасты «Бірлік» клубының бірлескен шарасы өтті. «Ұлы даланың жас Алашы» атты ұлттық-танымдық кешке зиялы қауым өкілдері мен мұражай қызметкерлері қатысты.
Шара аясында әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндей келіп, ғұмырының соңына өшпес мұра қалдырған талант туралы кеңінен сөз болды. Жергілікті ақын Айгерім Жұмабай Саттар Ерубаев жайында ой қозғады. Сондай-ақ Саттар Ерубаев музейінің меңгерушісі Айгүл Исабекова Саттар ғұмырын ғасырдың өшпес мұрасына теңеп, Ерубаев шығармашылығын құрметтеп өскен ұрпақтың қатары артса деген ниетін білдірді.
Тағылым мен тәрбиеге толы басқосуда қаладағы Саттар Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының оқушылары Саттар шығармаларынан үзініді оқыды. Ал мәдениет үйінің «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы көрерменге «Шындық пен шығарма» танымдық қойылымын ұсынды. Яссы халықтық этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ерлан Жақыпбеков пен күйші Нұрзаман Мұсаханұлы көңіл тебірентер күйлерді асқан шеберлікпен орындады. Мәдениет үйінің әншілері «Аға» әнін орындап, айшықты шараны қорытындылады.
Өңірде жастар саясаты қолға алынған. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Бәйдібек ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда:
– «Жастарға арналған 2,5 % несие»
– «Бизнестің жол картасы-2025»
– «Бастау бизнес» жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек.