Арыс қаласында орналасқан М.Тынышбайұлы атындағы мектепте «Мұхамеджан Тынышбайұлының туғанына – 145 жыл» атты іс-шара өтті. Жиынға тарихшы, педагог, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлының немересі Нұршәкен Жүнісқызы арнайы қатысып, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженерінің 145 жылдығы – ел үшін айтулы күн екендігін атап өтті. Іс-шараға келген қонақтарға қайраткер атындағы төсбелгі табысталды. Сондай-ақ, мектептегі 2023-2024 оқу жылындағы үздік оқушыларға да оқу үздігі төсбелгісі берілді.
Айта кетсек, Мұхамеджан Тынышбайұлы – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі. Сондай-ақ, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол саласының инженері. Мұхамеджан Тынышбайұлы 1879 жылы 12 мамырда қазіргі Алматы облысы, Қабанбай ауданында туған.
Тарихшы, педагог, қоғам қайраткері Тынышбайұлы Мұхамеджан 1879 жылы 12 мамырда Талдықорған облысы, Қапал ауданында дүниеге келген (12.05.1879 – 21.11.1937). 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медальмен бiтiрiп, 1906 жылы Петербург транспорт инженерлерi институтын бiтiрдi. 1906 жылдан бастап Орта Азиядағы темiр жол құрылысында инженер болып жұмыс iстедi. 1905-1907 жылдардағы бiрiншi Ресей революциясының ықпалымен азаттық қозғалысына қатысады. 1907 жылы Жетiсу губерниясынан II Мемлекеттiк Думаға депутат болып сайланды. Думада М. Тынышбайұлы патшаның отаршыл саясатына қарсы бағыт ұсынды.
1901-1918 жж. Урсатьевск–Андижан станциясында темiр жол
құрылысының бастығы және бас инженерi, Жетiсу темiр жол құрылысына қарасты Арыс-Әулиеата темiр жол бөлiмiнiң бастығы және бас инженерi болды. 1916 жылы М.Тынышбайұлы Жетiсудағы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшiн тұтқындалды.1917 ж. ақпан революциясынан кейін М. Тынышбайұлы Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрамына мүше болып тағайындалды. Мұнда ол 1916 ж. Қытайға ауып кеткен қазақ-қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырды.
1917 жылдың желтоқсанында М.Тынышбайұлы «Алашорда» үкiметiнiң
құрамына кiредi. 1919 жылы Бүкiлодақтық Атқару комитетi (ВЦИК)
бұрынғы алашордалықтарға кешiрiм жариялағаннан кейiн, ол Түркiстан
өлкесiнiң Семей халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарды.
1924 жылдан бастап Қазақ педагогика институтында (қазiргi Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық Университеті) оқытушы болып еңбек еттi. Онда ол алгебра, география, физика пәндерiнен студенттерге дәрiс оқыды.