Үйдің аумағы қоршалған. Қосымша бау-бақша өсіруге де қолайлы. Созақ ауданында 20 жылдық түлектер тұрғын үй тарту етті. Созақ ауданында 20 жылдық түлектер игі іске ұйытқы болды. Аудан орталығында орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінен 2004 жылы түлеп ұшып, қазіргі кезде түрлі салада қызмет етіп жүрген түлектер бір отбасыға тұрғын үй сыйлап, қуанышқа бөледі. Келешек ұрпаққа берер тағылымы мол шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков баспана иесін қоныс тойымен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ 20 жылдық түлектерге алғысын жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты істі аса ұйымшылдықпен атқарған жандарға ізгі тілегін арнады. Тағылымды шараның куәсі болған ардагер ұстаздар ізгі тілектерін шәкірттерінің жасаған ізгі амалдары мен жеткен жетістіктеріне деген мақтанышпен жеткізді. Аудан орталығынан берілген баспана 5 бөлмеден тұрады. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізіліп, асхана және қора-жаймен қамтылған. Жер учаскесі 10 соттықты құрайды. Үйдің аумағы қоршалған. Қосымша бау-бақша өсіруге де қолайлы.
Ал Түркістан қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі іске мұрындық болды. Бүгін “Бекзат” мөлтек ауданының 1986 жылғы азаматтары жиырма жылдыққа орай баспана сыйлады.
Аталған мөлтек ауданның азаматтарына мұндай бастама дәстүрге айналған. Бірнеше жыл қатарынан мұқтаж отбасыларды қуантып, алғысқа бөленіп келеді. Наурыз думан мерекесінде және 25 мамыр күні қарсаңында, жылына 2 рет беріледіі. Бұл – жанашыр жандардың тарапынан тарту етілген 17-ші баспана. Олар 2020 жылы дүниеден өткен достары Жарқынбек Өтеповтің отбасына үй салып берді. Соңғы қоңырау іс-шарасынан соң салтанатты түрде табысталды.
Айта кетейік, бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Түркістан өңірінің білім ошақтарын биыл 32 мыңнан астам оқушы тәмамдап отыр. Болашаққа нық қадам басқан бітірушілерге мұндай игі істің үлгі болары анық. Сондай-ақ, Ордабасылық түлектер бір отбасына баспана сыйлады
Олардың әрқайсысы тағдырдың сынағына түскен отбасылар. Ордабасыда 2004 жылғы түлектер бір отбасына баспана сыйлады. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасып, аудан орталығы Темірландағы Ш.Уалиханов, А.Иманов және Қ.Бектаев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. Олар аталған баспананы тарту ету үшін мұқтаж отбасыны таңдау үшін “Игілік” қоғамдық қоры 8 отбасының презентациясын ұсынған. Олардың әрқайсысы тағдырдың сынағына түскен отбасылар. Солардың арасынан жалғызбасты, көпбалалы Замира Тасболатова көпшілік дауыспен таңдалып алынған. Бұл отбасы осы уақытқа дейін тар бөлмені жалдап тұрып келген. Айта кету керек, бұл шара “20 жылдық түлектерден 1 қоныс” жобасы аясында жүзеге асып отыр. Яғни, бұл жоба осыдан төрт жыл бұрын, 2001 жылғы түлектерден бастау алған. Осы уақытқа дейін төрт отбасыға баспана тарту етілген. Ауданда осы бағыттағы игі істер жалғасады. Түлектердің бұл қайырымды ісі ел-жұртқа үлгі болары сөзсіз.