Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген. Кентауда мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер мектепке спорт алаңшасын салып берді. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға қарасты Хантағы аулындағы №6 А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Қала әкімі педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барлық кентаулық түлектерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ еңбегі еселі бірқатар ұстаздарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Алғыс хатпен» марапаттады. Шара барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсін орындап, әсем әуендерін шырқады. Салтанатты жиында «Алтын белгі» үміткері, Назарбаев университетіне шақырту алған Серік Қуаныш пен бастауыш сынып оқушысы Талшын Маккамбай соңғы қоңырауды соқты. Жиын соңында қала әкімі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің мектепке тарту ретінде салып берген спорт алаңшасының ашылуына қатысты. Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген. Айта кету керек, биыл Кентау қаласында 741-дей оқушы мектеп бітірмек. Олардың 677-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биыл 45 оқушы «Алтын белгіге», 29 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер болып отыр.
Ал Ордабасылық түлектер бір отбасына баспана сыйлады
Олардың әрқайсысы тағдырдың сынағына түскен отбасылар. Ордабасыда 2004 жылғы түлектер бір отбасына баспана сыйлады. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасып, аудан орталығы Темірландағы Ш.Уалиханов, А.Иманов және Қ.Бектаев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. Олар аталған баспананы тарту ету үшін мұқтаж отбасыны таңдау үшін “Игілік” қоғамдық қоры 8 отбасының презентациясын ұсынған. Олардың әрқайсысы тағдырдың сынағына түскен отбасылар. Солардың арасынан жалғызбасты, көпбалалы Замира Тасболатова көпшілік дауыспен таңдалып алынған. Бұл отбасы осы уақытқа дейін тар бөлмені жалдап тұрып келген. Айта кету керек, бұл шара “20 жылдық түлектерден 1 қоныс” жобасы аясында жүзеге асып отыр. Яғни, бұл жоба осыдан төрт жыл бұрын, 2001 жылғы түлектерден бастау алған. Осы уақытқа дейін төрт отбасыға баспана тарту етілген. Ауданда осы бағыттағы игі істер жалғасады. Түлектердің бұл қайырымды ісі ел-жұртқа үлгі болары сөзсіз.