Бүгін ауданда «Жер-2024» Республикалық командалық- штабтық оқу-жаттығу іс-шаралары бастау алды. Командалық- штабтық оқу-жаттығу барысына аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қатысты.
Оқу-жаттығуға «Түркістан облысы жедел құтқару жасағы» РММ қызметкерлері , «Апаттар медициналық орталығының» Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері, ауданның өрт сөндіру бөлімі және өрт сөндіру бекеттерінің жалпы құрамы,ауданның төтенше жағдайлар бөлімі, ауданнның дербес бөлімдері мен мекемелері әжне аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, аудандық Азаматтық қорғау қызметтерінің жүк көліктерімен арнайы техникалық көліктері, жанармай тасымалдаушы техника, жеңіл көліктер жұмылдырылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 маусым күні аудан аумағында құлақтандыру жүйесі 10 сағат 00 минутта қосылып, ауданның мемлекеттік мекемелерінде сейсмо -жаттығулар өткізілді.
Оған қоса, Сарыағаш қаласына қарасты Бәйтереков көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде қатты жер сілкінісінен эвакуациялау және зардап шеккендерді құтқару оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Құтқарылған, эвакуацияланған және зардап шеккен адамдарды ашық алаңдағы шатырлы қалашыққа орналастырылды. Шатырлы қалашықта дәрігерлер тарапынан (терапевт, травмотолог, генеколог, хирург, психолог және медбике), психологиялық және медициналық көмектер көрсетілді. Зардап шеккен тұрғындар жылы тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.
2024 жылғы 3 маусым күні 11 сағат 00 минутта аудан аумағында күшті әсер ететін улы затты таралуын алдын алу оқу жаттығулар өткізілді. Командалық- штабтық оқу-жаттығуға 195 адам, 6 техника жұмылдырылды.
2024 жылғы 3 маусым күні 15 сағат 00 минутта жер сілкінісі салдарынан көпқабатты тұрғын үйде өрттің орын алуынан адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қирандылар астында қалған азамдарды іздестіру және құтқару бойынша практикалық іс -шаралар өткізілді.