Арыс қаласында облыстық «Балдәурен-2024» жас әншілер байқауы өтті. Сайысқа Арыс қаласының Гүлжан Құрманбекова қатысып, балаларға сәттілік тіледі. Өнер додасында облыстың әр аудан, қаласынан келген жас таланттар бақ сынады.
Байқауда облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Айтжанов, композитор, «VIА АR-BAND» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Шахизинда Алимбетов қазылық етті. Олар әр үміткердің ән орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, сахналық киім үлгісі мен сахна мәдениетіне баса назар аударды.
Сайыс нәтижесінде Сайрам ауданынан Нұрғали Нұрбек бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Түркістан қаласынан Елдос Бақдәулет І орын, Ордабасы ауданынан келген Әлайдар Кәусар мен түлкібастық Амирбек Аңсар ІІ орын, ал Сарыағаш ауданынан Қанжарбек Балсезім мен Жетісай ауданынан Жаңабай Нұрқадір жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұдан бөлек үздік өнер көрсеткен қатысушы үміткерлерге арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, аталған байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, оларды отансүйгіштікке баулуға, ұлттық рухта тәрбиелеп, эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдауға бағытталған. Отырар ауданында тағы бір кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастады. Заманауи үлгіде салынып, аудандағы ең алғаш ашылған балалар ойын-сауық орталығы жылдың 4 мезгілінде балаларға қолайлы қызмет көрсетеді.
Бүгін «1 маусым – халықаралық балалр күні» мерекесі қарсаңында аудан орталығында заманауи балалар ойын алаңшасымен қамтылған «Bala Time» кешенінің ашылу салтанаты болды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және ауыл ардагерлері қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа кешеннің ашылуымен құттықтап, кешеннің лентасын қыйды.
Аудан әкімінің орынбасары игі іске мұрындық болған кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етсе, ақсақалдар ақ батасын берді. Ол өз сөзінде: «Ауданда жаңа кәсіпкерлік нысандарының ашылуы – кәсіпкерлердің бәсекелестігін арттырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан іскер азаматтардың осындай бастамаларын әрдайым қолдауға дайынбыз»,-деп атап өтті.
Жеке кәсіпкер Азамат Әділханұлы нысанды жалға алып, ішіндегі ойын элементтерін өз қаржысына орнатқан. Кешенде балалар ойын алаңшасынан бөлек, ата-аналарға арналған күту орны мен келушілерге жағдай қарастырылған. Ойын алаңына 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға кіру рұқсат етіледі.