4-маусым еліміз үшін айрықша мереке – ҚР Рәміздер күні. Осы күнді кентаулықтар қаладағы Рәміздер алаңына жиналып әрұранды жанды дауыста шарықтата орындады. Мерекелік шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спортшылар, ұстаздар мен оқушылар, қала жастары қатысты.
«Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Отанды, туған жерді сүю Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Еліміздің Әнұраны әлемдік олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларының құрметіне талай рет шырқалып, рух беріп келеді. Әлі де шырқала беретініне сенімдімін. Мемлекеттік рәміздеріміз алғашқы қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта да болып қайтты. Осының бәрі тарих. Осы мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мәңгілік екенін айшықтайды» деген қала әкімі барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Аға буын өкілдері рәміздердің маңыздылығы туралы ой қозғаса, қаланың белсенді жастары мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, құндылықтарды құрметтеу жөнінде ұран тастады.
Мектеп оқушылары тәуелсіздіктің қасиетті, біріктіруші бейнесін танытатын Рәміздер жайында жыр-шумақтарын орындап, Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанға арналған әсем әуендер шырқалды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған іс-шара кентаулықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдің патриоты болу, отаншылдық дәріптелді. . Жалпы 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік ту, Елтаңба және Гимннің жобасын дайындау туралы байқау жарияланды. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны сол жылы бекітілді. Ал 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданған болатын.
1992 жылыТәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми түрде белгіленіп, 4 маусым – Рәміздер күні болып бекітілді. Баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба – тәуелсіздігіміздің дәлелі. Мемлекетіміздің айбары. Ұлтымыздың рухын оятатын рәміздерімізді күллі әлем мойындайды және құрмет көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы экономикалық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген мемлекеттерде биікте желбіреп тұр.