Төлеби ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында экскурсиялық бағыттағы семинар-тренинг өтті.
Мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, түрлі жеңілдетілген несиелер шарттарымен танысты. Бұған қоса, Ленгір қаласынан «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехына арнайы барып, өндіріс ошағындағы жұмыс барысын практика жүзінде көрді.
Бүгінде жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар қатары артқан. Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Оған дәлел, мұнда «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы жөнінде мәліметтер беріліп, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасында қолданылатын іс-әрекет құралы болып табылады. Бизнес- жоспар фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін алдына қойған мақсаттарына қалай жету керектігін көрсетеді. Дұрыс жасалған бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта позицияларға ие болуына, инвестициялар мен кредит ресурстарын тартуға өз септігін тигізеді.
Бизнес-жоспар жүйелі түрде жаңарып отырады, оған фирма ішіндегі және фирма жұмыс атқаратын нарықтағы өзгерістер әсер еріп отырады. Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпкерге өз ісінің жетістігін фирма ішілік және макроэкономикалық зерттеулер негізінде бағалауға, сонымен қатар ағымдық операцияларды қадағалауға, көмектеседі. Бизнес-жоспар нарық жағдайындағы ең қажетті құрал болып табылады. Оның себебін төменде келтірілетін бизнес-жоспардың мақсаты мен атқаратын қызметінен көруге болады. Бизнес-жоспар құрудың негізгі мақсаты – фирманың қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес шаруашылық іс-әрекетті жоспарлау және қажетті ресурстарды тарту болып табылады. Бизнес -жоспар құрудың басқа мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, мәселен:
– белгіленген нәтижелерге жетудің жүзеге асу дәрежесін анқтау;
– белгілі бір тұлға топтарына жұмыс атқарып тұрған фирманың іс-әрекетін қайта ұйымдастыру немесе жаңадан құрудың мақсаттылығын дәлелдеу;
– компания қызметкерлерін жобада көрсетілген сапалы немесе сандық көрсеткіштерге жету мүмкіндігіне көндіру;
Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирманың қызмет етуімен байланысты келесі тапсырмаларды шешуге көмектеседі :
– іс-әректтің наақты бағыттарын анықтау
– өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды анықтау, ол шығындарды жобаның потенциялды пайдасын анықтау үшін өнім сатылатын бағамен салыстыру ;
– фирма кадрларының фирмаға сай келетіндігін және алға қойған мақсаттарға жету үшін жұмысшылар еңбегінің мотивизацияларын анықтау;
– фирманың матиралдық және қаржылық жағдайын зерттеу және белгіленген мақсатқа жету үшін фирманың материялдық және қаржылық ресурстары сай келетінін, келмейтінін анықтау;
– биснес-жоспардың іске асуына кедергі болатын қиындықтарды алдын-ала анықтау және тәуекелдерді есептеу;
Қазіргі практикада бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады. Оның бірінші қызметі бизнестің стратегиясын құруға бизнес жоспарды қолдану мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызметті кәсіпорынды құрған кезде және іс-әрекеттің жаңа бағыттарын ойлап тапқан кезде өте маңызды роль атқарады. Бизнес-жоспардың екінші қызметі – жоспарлау. Ол жаңа іс-әрекет бағытының даму мүмкіндіктерін бағалауға және фирма ішіндегі процестерді бақлауға мүмкіндік береді. Үшінші қызметі ақша ссудалар және несиелер тартуға өз септігін тигізеді. Қазіргі кезде көп жағдайда белгілі-бір жобаны несиесіз жүзеге асыру мүмкін емес . Ал несие алу оңай емес . Сондықтан дұрыс құрылған бизнес-жоспар несие алуда шешуші фактор болып табылады. Төртінші қызметі компания жоспарын жүзеге асыру үшін өндіріске өз капиталын немесе өзінде бар технологияны салғысы келетін потенциялды әріптестер тартуға мүмкіндік береді. Әріптестер өз капиталын немесе технологиясын өндіріске компанияның белгілі-бір уақыт мерзіміндегі даму бағытын көрсететін бизнес жоспардың болғанында ғана салады. Фирма ішілік жоспарлау кез-келген кәсіпорынның көлеміне қарамастан оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспар нақты жағдайда бизнесті бастауға немесе кеңейтуге керекті талдау мүмкіншіліктерін көрсетеді және іскер әріптестерді тартуда , біріккен кәсіпорындар құруда үлкен рольге ие, яғни, бизнес-жоспарды дайындау және тиімді қолдану ең маңызды іс-әрекеттердің бірі болып тадылады . Бұл жоспар менеджермен , жетекшімен, фирмамен немесе фирма топтарымен құрылуы мүмкін. Көп жағдайда бизнес жоспарды дайындау барысында потенциялды әріптестер және инвесторлар анықталады. Бизнес-жоспар екі негізгі жолмен құрылады. Бірінші түрінде бизнес-жоспар жалдамалы мамандар тобымен құрылады, ал жобаның иницияторлары мен алғашқы тек алғашқы мәліметтерді дайындайды.
Айта кетейік, жастарды кәсіпкерлікке баулитын экскурсиялық бағыттағы семинар, 20 мамыр мен 14 маусым аралығында облысқа қарасты 17 аудан, қалада жалғасады деп жоспарлануда.