Кентау қаласы Жастар ресурстық орталығында қалалық «Мансап» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған жәрмеңкеге қаланың 15-тен аса жұмыс беруші мекемелері қатысты. Сала мамандары жұмыс іздеушілердің мүддесін көздей отырып, шара барысында жалақы, еңбек шарттары мен қауіпсіздігі жөнінде толық мағлұматтар берді. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келушілер саны 160-ты құрады.
Қала көлемінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынған Кентау көпсалалы колледжі, “Жасыл қала” МКМ, Кентау қалалық құрылыс, сәулет, және қала құрылысы бөлімі, “Шаш-төбе” жалпы білім беретін мектебі, Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі, Жастар ресурстық орталығы, «Еркеназ» бала-бақшасы, Қазақ-Неміс политехникалық колледжі, «Кентау Полиметалл» ЖШС, Петропавл қаласының “Киров С.М атындағы зауыты”, ТОО КазОйлЭнерджи, Кентау Ащысай Су, №7 Колледжі, «Согдиана» бала-бақшасы, «Уркер» мектебі, “ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ” ЖШС, “JASYL SUYQ QAZAQSTAN” ЖШС-гі келушілерден ішінен қажетті мамандық иелерін тауып, жұмыс орындарына шақырды.
Жалпы алғанда ағымдағы жылы қалада 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.Кентау қаласында «Нашақорлық және есірткілердің заңсыз айналымымен Халықаралық күрес күніне орай» әуесқой футбол командалары арасында турнир ұйымдастырылған. Ақтық нәтижесіне дейін жеткен командалар өзара жеңісті бөлісті.
Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғасбек Жақаев жарысқа қатысушыларды доп додасының аяқталуымен құттықтап, барша командаларға ақтық бәсекеге дейін белсенділіктері үшін алғысын білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша бағы мен баптары келісіп,тартысты өткен жарыста мықтылықтарын дәлелдеген «Жас ұлан» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Тамаша ойын көрсеткен «Фк SA» командасы екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды «BB» командасы иеленді.
Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясымен Уалихан Бименов, Мақсат Абдрей, Сағым Акбердиев, Жеңіс Махкамаев марапатталды.