Бүгін аудандық “Мыңжылқы” мәдениет сарайында оқырман балаларды кітап және балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, ойын еркін жеткізіп, көркемдеп жазу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ақылдыммен Ақылдымын» атты облыстық байқаудың іріктеу кезеңі өтікізілді.
Оқырмандар ІІІ кезең бойынша сыңға түсті. Атап өтер болсақ: «Адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында эссе жазу, «Мен таңдаған тақырып» тақырыбында қабырға газетін шығару, «Таным, талғам, тапқырлық» тақырыбында сүйікті шығармасын немесе өлеңін сахналап, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауға «Қызмет» ЖШС газеті және балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының редакторы Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, теле-журналист Зәуре Әбдіхамитқызы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының инновациялық – әдістемелік бөлімінің әдіскері Жанар Қонайқызы, Созақ аудандық Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Ербол Мұхаметжанұлы төрелік етті.
Байқау нәтижесінде Құмкент ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрай Қалымбек өз өнерін жоғары дәрежеде көрсетті. Бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдаманы ұтып алды. Бабата ауылынан келген қатысушы Кәусар Саруар жүлделі І орынды, Созақ ауылынан келген қатысушы Бегімсұлу Тохтан ІІ орынды иеленіп, Сызған ауылынан келген қатысушы Алаш Қайнарбай жүлделі IІI орынға тұрақтады. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Байқауға келген балаларға кітапханашылар 100 дана «Ақылдым» журналын үлестірді. Мерекелік көңіл-күйде өткен байқауға балалар шат-шадыман күйде атсалысып, ерекше әсерге бөленді.