Бүгін аудан ортылығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйледі. Саналы ғұмырын медицина саласының дамуына арнаған сала ардагерлері мен ақ халатты абзал жандарды марапаттап, құрмет көрсетті.
– Медицина саласының мамандары дәрігерлік антқа адалдық танытып, асқан шеберлікпен адам өміріне араша түсіп жүрген бүгінгі күннің батырлары. Адам өмірін сақтау жолында табандылық танытып, әрбіріміздің саулығымызға жауапкершілікпен қарап, халық жанының сақшысы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы атануда. Денсаулықтың қорғаны бола білген өздеріңіздей абзал жандандардың еңбегін әрқашан ерекше бағалаймыз. Ерен еңбектеріңіз бен мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Әрқашанда еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, барлық бастамаларыңыз оңынан болсын,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жылы лебізін арнап, дәрігерлерді алғыс хатпен марапаттады.
Созақ аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бейбіт Төреханов ізгі тілегін білдіріп, медицина саласының үздік қызметкерлері Республикалық «Ел Құрметі» қоғамдық қорының «Ерен еңбек иесі», «Ардақты ардагер» және «Үздік медицина маманы», «Ерен еңбегі үшін», «Мейірімді мейірбике» төсбелгілері табысталып, Республикалық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы мен Созақ аудандық филиалы төрағасының, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Созақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері мен Созақ аудандық орталық аурухана кәсіподағының алғыс хаттары тапсырылды.
Салтанатты шара, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.