Республика бойынша «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жүргізіліп келеді. Түркістан облысында аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аталған акция аясында бір апта көлемінде өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Облысқа қарсты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді. Өткен аптада 64 елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған 181 632 тұрғын қатысып, 132 техника жұлдырылды. Сол күні, жалпы, 717 тонна қоқыс шығарылды. Нәтижесінде, 199,7 шақырым ауыл ішілік көшелер, 179 мемлекеттік мекемелермен және 410 кәсіпкерлік нысандармен іргелес аумақтар тазаланды. Көше бойындағы 12 404 ағаш қырқылып, әктелсе, 96 аялдама ретке келтірілді. Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстарына 932 коммуналдық қызметші мен 102 техника қызмет көрсетеді.
Облыс басшысы Дархан Сатыбалды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын үздіксіз жүргізуді, тазалық сақтау бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Тазалық жұмыстарынан бөлек, құқық қорғау органдары тарапынан табиғатқа және облыс тазалығына зиян келтірген азаматтарды анықтап, тәртіпті шара қолдану бағытындағы жұмыстар күшейтілген.
Түркістан облысы Полиция департаменті құрылымдарымен, облыс аумағын абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластау фактілерінің анықтау бағытында кешенді шаралар атқаруда. Жыл басынан бері Әкімшілік кодексінің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша 4728 тұлға анықталып, 4175 ескерту жасалып, 147 азамтқа әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік кодексінің 434-2 бабы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша 12 259 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, 171 млн теңге айыппұл салынған.
Облыс аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасады. Қоршаған ортаны ластаған, заңды бұзған азаматтарға қатысты тәртіптік шаралар да тоқтамайды. Жұмыс барысы Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында болады.