«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК, «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сапар орталығы» туристерге қызмет көрсету орталығында «Отырардағы керамика өндірісі» тақырыбында көрме ашылды.
VI-VIII ғасырларда Отырар – Фараб Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы болған. ІХ-ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХIII-ХV ғасырларда Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардын бірі, ал XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналды. Отырар XVIII ғасырдың орта шенінде қаңырап бос қалып, сол ғасырдың екінші жартысында әбден қирап, төсін жаңбыр шайып, жергілікті тұрғындар Отырартөбе деп атап кеткен, үйіндіге айналған.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде қыш ыдыстар ғана емес еткен заманның басқадай да үй мүліктері көптеп табылды. Табылған бұл ыдыстарды ас үй жабдыктары (қазан, көзе, қақпақ, таба, таған тұғырықтар), азық-түлікті сақтауға және тасуға арналған жабдықтар (хум, көзе, кұмыра т.б.), сонымен қатар ас ішетін ыдыстар (сапты аяк, көзе, ыдыс-аяқ) деп бөлуге болады.
Қазба барысында археологтың қолына шірімей жететін және ең көп кездесетін, уақыттың тезіне ең шыдамды артефактінің бірі және бірегейі керамика. Керамика ежелгі гректің «керамос» саз деген сөзінен шыққан. Керамиканың түрлерін оның кезеңдерде өзгеруін танып білу археологтың міндеті. Керамика пайда болған неолит дәуірінен бастап археологиялық ескерткіштерде кездеседі. Қыш ыдыстарды пайдалану азық-түлік құрамының кеңеюіне, оны даярлау және сақтаудың жақсаруына, сұйық тамақтарды сақтауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, құстар мен хайуанаттардың керамикалық мүсіндерінің сәндік үшін ғана салынбай, олардың сол кездегі жергілікті тұрғындардың наным-сенімін білдіретін символдық мәні барлығын жоғарыда ескертіп өткен болатынбыз. Әрине, ежелгі діни түсініктер кейінгі ортағасырлык дәуірге баз баяғы салтанатты қалпында өзгеріссіз келіп жеткен жоқ. Уақыт өткен сайын бейнеленген хайуанаттар мен құстардың бастапқы символдық мәні жойылып отырған. Алайда, қойды киелі санау рәсімінің Сыр өңірі диқандарының арасында ХХ ғасырдың басына дейін кең етек алып келуін кездейсоктық деп түсінуге болмайды. Ал, қала тұрғындары болса тікелей киіз үйлерде немесе қаладан сыртқары жерлерде өткізілетін «қошкар ата» мерекесіне қатысты салт-жораларда Кангүй фарн қойымен төркіндес сенім жоралғыларын сақтап қалған. Ғылым үшін бұл байланыстың мәні өте зор. Себебі, осы байланыс Отырар керамика кәсібінің ежелден келе жаткан дәстүрлі өнер екендігінің бірден-бір айғағы.
Көрмеге Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейі, Жас туристер станциясы қызметкерлері, «Отырар» музей-қорығының қызметкерлері қатысты.