basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА «КІМ БІЛГІР?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

Қаңтар 7, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА «КІМ БІЛГІР?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті.

Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздеген сайыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев бұл шараның талантты және білімді жастарды қолдауда маңызы зор екенін атап өтті.

Ақылдылар мен тапқырлардың басын қосқан сайыс 3 кезең бойынша өтті. Атап айтсақ, алғашқы кезеңде сайыскерлер «Мақал-мәтелдің жалғасын табу», 2-кезең «Жұмбақтың жауабын табу» және 3-кезең «Диалект немесе көнерген сөздердің мағынасын ашып айту» бойынша бақ сынады.

Сайысқа Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева Эльмира төрелік етті.

Сайрам ауданынан сайысқа №92 «Ақсу» жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері Зиябекова Дилдора Муратбековна, Халаева Мухайе Абдилакимовна және №100 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Рахманова Дилфуза Бахадировна қатысты.

Жарыс қорытындысында 1-орынды Кентау қаласының құрамасы, 2-орынды Төлеби ауданының құрамасы, ал 3-орынды «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы иеленді. Сайысқа белсене қатысқан басқа да аудан, қалалардың командаларына ынталандыру сыйлықтары берілді. Осылайша, өңірдегі этнос жастары сайыста өз белсенділіктерін көрсетіп, қазақ тіліне жетік екендіктерін дәлелдеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев арнайы марапаттап, оларға Алғыс хаттарды табыс етті.

 

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі