basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫНДА ОҢ СЕРПІН БАР

Қаңтар 9, 2025
in Жаңалықтар
0
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР САЯСАТЫНДА ОҢ СЕРПІН БАР
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда, Түркістан облысында халық саны –  2,1 млн құрайды.  Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 663 260 немесе халық  санының 30% құрап отыр. 2024 жылы жұмыссыз жастар мен NEET жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 41 509 жасты тарту жоспарланған болатын. Жастарды аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыру мақсатында  аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары насихаттау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 11 айда 38 069 жас қамтылды. Облыс көлемінде жастарға насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында 8 ЖОО және Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер  департаменті, Түркістан  облысы Әділет департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда, орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 11 айда 325 035 жасқа кеңес берілді. (2023 жылы – 310 309).

Түркістан облысында 2024 жылдың III тоқсан қорытындысы бойынша 16 мен 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,6% құрайды, өткен жылмен салыстырғанда азайған. (2023 жылдың қорытындысы бойынша 16 мен 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8% құрады.) Өткен жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері  солтүстіктегі жоғарғы оқу орындарына арнайы іс сапармен барып, бірқатар ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды.

Ағымдағы жылы «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында, 6 университеттің өкілдері келіп, аудандарда 11 сынып мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

   Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінен құрылған топ, «Серпін – 2050» мәңгілік ел жастары-индустрияға мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстік өңірінен оқуға түскен 8 ЖОО-ның студент жастарымен кездесті.   «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында, Түркістан қаласы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында 23 университеттің өкілдері  (Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан) 11 сынып мектеп бітіруші түлектеріне жәрмеңке өткізілді. 13 маусым күні Жетісай ауданы, 14 маусым Сарыағаш ауданының бітіруші түлектерге кәсіптік білім беру жұмысы мен құжаттарды қабылдау іс-шарасы өткізілді.

Қазіргі таңда, облыс бойынша орталықтарда «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында 11 айда 67 029 жасқа кеңес берілді. Нәтижесінде, бағдарлама аясында Түркістан облысынан 801 түлек грантқа түсті.

 

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Next Post

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі