Өткен жылы кәсіптік білім алуға ниетті бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан орта арнаулы оқу орындарына
15 500 грант бөлінген болатын. Грантты игеру мақсатында білім басқармасымен меморандумға келе отырып, облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған мобильді топ 17 аудан, қаланы аралап, мемлекеттік грантты насихаттау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда, 15 525 грант игерілді, 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы 44605 студент білім алуда. 2024 жылдың 25 наурыз бен 25 сәуір күндері аралығында Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастардың осал топтары арасында жобаны іске асыру» шағын гранттар жобасы іске асырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудан, қаласынан 502 өтінім түсіп, 20 жас жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар 1 000 000 теңге көлемінде грантпен марапатталды.Түркістан облысында NEET санатындағы жастар санын азайту және мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтік еңбек қызметіне тарту мақсатында, 2024 жылғы 21-22 қазан күндері, 17 аудан, қалада мансап орталықтарымен бірлесе, мемлекеттік бағдарламаларға байланысты үнпарақтар таратылып, «Шектеусіз мүмкіндік» атты тақырыбында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жалпы 350-ге жуық жас жұмыспен қамтылды. 2024 жылғы 13 мамыр мен 18 маусым күндері аралығында ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы өтті. Байқауға 100-ге жуық өтінім түсіп, нәтижесінде 20 өтінім қаржылай марапатталды.
Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың, дағдарысқа түскен жастар арасында психологиялық көмек көрсету және алдын алу мақсатында 4 280 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 161 386 жас қамтылды. Жұмыс барысында облыстағы «Ыстық нүктелер» анықталып, 7 мөлтек ауданы және 22 елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда азайған. Аудан, қалаларда жастар арасында өзекті мәселелердің (құқықбұзушылық, ерте жүктілік, өзіне-өзі қол жұмсау) алдын алу бойынша ыстық нүктелерде «Қыз өссе елдің көркі», «Мен өз өмірімнің суретшісімін», «Өз өмірің, өз қолыңда», «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Есірткісіз болашақ» тақырыптарында 1 237 психо – профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 55 630 жас қамтылды. Жеке мәселелері бойынша 1 404 жасқа психологиялық көмек көрсетілді.