basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Қаңтар 9, 2025
in Жаңалықтар
0
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыснда талантты жастарды қолдау және жастарды жан-жақты дамыту жұмысы жолға қойылған. Бұл бағытта облыс бойынша жалпы 2 700  іс-шара өткіп, іс-шараға 207 599 жас қамтылды. Бүгінде облыста 4310 үйірме жұмыс істейді.

Атқарылған іс шара бірқатар бағыттарға бөлінген:

І. Бағыт: Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту – 337 іс-шара өтіп, 21 437 жас қамтылды;

ІІ. бағыт: Денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту – 402 іс-шара өтіп, 27 784 жас қамтылды;

ІІІ. бағыт: Құқықтық мәдениет деңгейін және қаржылық, заңгерлік сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліккет тәрбиелеу – 282  іс-шара өтіп, 11 534 жас қамтылды;

ІV. бағыт: Мәдени, рухани, дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу, бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз  ету – 792 іс-шара өтіп, 99 240 жас қамтылды;

V.бағыт: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу  – 887 іс-шара өтіп, 48 604 жас қамтылды.

Өңірде «AL-FARABI» интеллектуалдық шоуы өткізілді. Сайысқа республикамыздың 600 жас білімділері бақ сынасты. (интеллектуалды ұлт, жастар арасында зияткер орта қалыптастыру бағытында өңірімізде 4 жылдан бері дәстүрлі түрде өтуде). Бұдан өзге «TURK YOUTH TALENT» (TYT)  Облыстық талантты жастар тележобасы өтті. Сайысқа 100 жас қатысты. (жастардың өнерін шыңдау мақсатында, есімдерін елге беймәлім нағыз талантты, ерекше өнер иелерінің өнерін кеңінен насихаттау бағытында). Есте болса 2023 жылы елімізге танымал продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев алғаш рет Түркістан облысында турникке тартылу «Tartyl fest» жобасын жүзеге асырған болатын. 2024 жылы облыстық жастар арасында «Tur Workout» турникке тартылу жобасын, бос уақытты тиімді пайдалану және спортқа деген қызығушылығын арттыру сондай-ақ, облыс бойынша таланттарды тауып, олардың Республикалық, әлемдік деңгейге шыға алуына мүмкіндік беру мақсатында, Түркістан облысының               17 аудан, қаласын аралау арқылы үздік ойыншыларды анықтап, финалдық кезеңінде жеңімпаздарды жастар ресурстық орталығында анықтаған болатын.

Сонымен қатар, өңірде «Ауылдағы бір күнім» атты реалити-шоуы өткізілді. Сайысқа 14 команда қатысып, жобаға 300 жас қамтылған болатын.  Мүмкіндігі шексіз жастар арасында қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілді. Жалпы саны мүмкіндігі шексіз 100 жуық жастырдңы көрмесі қойылды.   «TURKISTAN CUP» киберспорттық турнирі -алдағы уақытта олимпиадалық ойын қатарына енгізілетін киберспорт түріне өңіріміздің намысын қорғайтын команда даярлау, орта қалыптастыру мақсатында іске асқан жоба. Шараға жалпы саны 500 жас қамтылды.

Сондай-ақ, «Тәуелсіз ел ақындары» жас ақындар арасындағы мүшайрасы өткізілді. Мүшайраға 50 ге жуық жас ақындар қатысты. Облыстық «NOMADS CUP» атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Төлеби ауданында өткізілген шараға 500 жуық жас қатысты. Жыл көлемінде іске асқан шара қатарында: «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы, «Кәсіптік бағдар беру» бойынша облыс жастарына насихаттау жобасы, Облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техникадан байқауы, Облыстық «ҮЗДІК ШЕБЕР» байқауы, Жастар арасында психо-профилактикалық семинар тренингтерін ұйымдастыру.

Республикалық «ZHAS CAMP» жастар лагері ұйымдастырылды. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігімен өткізілген шараға 300 жас қамтылды.  Республикалық «JAIDARMAN» көңілді тапқырлардың облыс әкімінің кубогы өткізілді. 2023 жылы «Жуалы» командасы бас жүлдені иеленсе, 2024 жылы «Талант Орал» командасы Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының кубогін еншіледі. Елімізге танымал жайдарман ойыншыларының қатысуымен өткен іс-шара облыс жастарының көңілінен шықты. Алдағы жылдардада тұрақты түрде өткізу жоспарлануда Облыстық «Біз жауынгер» жас сарбаз әскери-патриоттық сайысы өтті. Сайысқа 300 жас қатысты. (мақсаты – жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық әрекеттерге және жасөспірімдерді ҚР Қарулы күштеріне деген құрметін, әскери борышты өтеуге, жанжақты әскерге дайындауда оң пікір қалыптастыруға тәрбиелеу). Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылды.«ҚР Мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндер» жобасы, Республикалық «Пікірсайыс – көшбасшылары алаңы» сайысы өткізілді. Сайысқа 100 жуық дебатшылар қатысты. «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында облыстағыи әр саланың мықтылары анықталып, «Үздік жастар премиясы – 2024» байқауы өткізілді. Аталған шара бойынша                                        20 номинация бойынша 25 қатысушылар марапатталды. «Bastau talks» қоғамдық лекциясы атты жастардың өз бойындағы қабілеттерін ашу, түрлі салаларға қызығушылықтарын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландыру, танымал тұлғаларды ізденіс жолын есту арқылы патриоттық және рухани бай болуға мүмкіншілік қалыптастыру мақсатында әр ай сайын елімізге танымал қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының үздіктері т.б тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.  Аталған қоғамдық лекция бойынша кездесу ұйымдастырылған тұлғалар:

  1. Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге иегері. Қамтылған жастар саны 150.
  2. Нұрлан имам Байжігітұлы – Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы, дінтанушы, теолог. Қамтылған жастар саны – 200.
  3. Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай — жазушы, филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы, Әуезовтанушы, алаштанушы. Қамтылған жастар саны – 100.
  4. Елеукен Есентүгел Баймұханбетұлы – «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. Қамтылған жастар саны – 300.
  5. Бектұрсын Нұрдаулет (NNN) – елімізге танымал блогер. Қамтылған жастар саны – 800.
  6. Руслан Берденов – кәсіпкер, FORBES KAZAKHSTAN рейтингіндегі табысты тұлға, «RESPUBLICA» партия фракциясының мүшесі. Қамтылған жастар саны – 200.
  7. Эльвира Ергалина – психолог, нейро-коуч. Қамтылған жастар саны – 130.
  8. Қуатбай Бәйдібек – «Daryn.Onlain» платформасының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы. Қамтылған жастар саны – 80.
  9. Дәулет Мұқаев – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. Қамтылған жастар саны – 200.
  10. Ләйлә Сұлтанқызы – тележүргізуші, журналист, қоғам қайраткері. Қамтылған жастар саны – 100.
  11. Жазира Еркін – актриса, жүргізуші, блогер. Қамтылған жастар саны – 100.
  12. Дәулет Исраил – актер, жүргізуші блогер. Қамтылған жастар саны – 100.

 

 

 

 

 

 

Previous Post

Популярный курорт в Павлодарской области изменил режим работы

Next Post

Президент жастарға айрықша үміт артады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі