basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент жастарға айрықша үміт артады

Қаңтар 9, 2025
in Жаңалықтар
0
Президент жастарға айрықша үміт артады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды. Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орынды жаңа жатақхананы аралап көрді.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсысы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған.

Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның дизайны мен инфрақұрылымы кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай келеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, білім беру саласындағы және жастар арасындағы халық-аралық ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ, жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді.

– Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жатақханада студенттермен әңгімелесіп, «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтқанындай, елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға ерекше мән берілетінін, бұл озық технологиялар әр салаға енгізілетінін жеткізді. Президент бұл ретте жастарға айрықша үміт артатынын атап өтті.

Жалпы былтыр ел аумағында 11 079 орынды 40 жатақхана пайдалануға берілген. Биыл Астана қаласының өзінде 3400 орынды 7 жатақхананы іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 4280 студентке арналған сегіз Студенттер үйі бар. Сонымен қатар сегіз жеке жатақханамен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. Биыл Студенттер үйлеріндегі орын саны 10 мыңға дейін ұлғаяды. Бұл студенттерді жатын орынмен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Previous Post

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі