Аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары, білім бөлімдерінің мамандары, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, арнайы мониторинг топтарын құрған. Олар жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмаған жастарды түнгі уақыттарда кафе, ойын – сауық орындарында анықтау бойынша аудан, қалаларда 711 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 7 121 жасөспірімнің ата-анасына ескертулер («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 442 бабына сәйкес) берілді.
Психолог мамандарының біліктілігін арттыру және психодиагностика, психокоррекция, психопрофилактика, нейро-лингвистикалық бағдарламалау, калибірлеу бағыттары бойынша «Психологиялық көмек көрсетудің негізгі әдістері» тақырыбында тәжірибелі психологтың қатысуымен аудан, қала психолог мамандар арасында оқыту өтті.
Түркістан облысы бойынша тұрақты түрде, жоспарға сәйкес көшпелі отырыс әр ай сайын, әр аудан, қалада психолог мамандардың құзіреттіліктері мен қабілеттерін арттыру, жастардың аутодеструктивті мінез-құлықы мен әлеуметтік-психологиялық климатын сараптау, зерттеу, қорытындылау, талқылау барысында ұтымды, заманауи әдістер мен тиімді техникаларды қолдану арқылы өзекті мәселелердің (өз-өзіне қол жұмсау, нашақорлық, ерте жүктілік, ойынқұмарлық, құқықбұзушылық) алдын алу мақсатында «Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу», «Мен өмірді сүйемін!», «Тәуелділікке қарсы күрес жолдары», «Қыздарға әсемдік жарасады» және «Тәжірибе алмасу – кәсіби шеберлікті шыңдайды» тақырыптар аясында жергілікті білім бөлімі, денсаулық сақтау және ОАОО психологтарымен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін шыңдайды.
Аудан, қалаларда келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарға психологиялық көмек көрсету, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық климатын қалыптастыру және ерік-жігерді шыңдау, өмірдегі қиындықтарға бағыт-бағдар көрсетіп, өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында 4 бағыттан тұратын лудомания, нашақорлық, құқықбұзушылық, суицид бойынша «Құмар ойынға құмартпа!», «Нашақорлық – қоғамдық дерт!», «Мен өмірді таңдаймын!», «Қылмыссыз болашақ!» тақырыбында семинар-тренингтер өтіп, 1 500 жас қамтылды. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 17 аудан, қалада лудоманияның алдын алу жастарға адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, құмар ойынға тәуелді адамның жасаған іс-әрекеті өзіне ғана емес өзгеге де зиян келтіретін заңсыз қылмыстар жасауға немесе аутодеструктивті мінез-құлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Лудомания – қоғам дерті» атты форум және «Құмар ойынға құмартпа!», «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам», «Жастар арасындағы зиянды әдеттер мен әрекеттердің алдын алу», «Тәуелділік – ол ессіздік» және «Жастар – ізгі қоғам айнасы» атты 50-ге жуық кездесу, дөңгелек үстел, пікірталас, семинар-тренинг және акциялар өтіп, 80 мыңға жуық жас қамтылды. Түркістан облысы бойынша аудан, қалада жастарға АИТВ инфекциясы туралы шынайы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу, кемсітушілікті болдырмау мақсатында «Жастар денсаулығы және АИТВ инфекциясының алдын алу», «KEL TALKLIKE», «Денсаулығың өз қолында» және «Салауатты өмір салты» тақырыбында кездесу, дөңгелек үстел, акция, семинар-тренингтер өтіп, 15 000-ға жуық жас қамтылды.
Облыс көлемінде репродуктивті денсаулықты дұрыс сақтау бойынша денсаулық сақтау мамандарымен бірлесе отырып, жалпы білім беру мекемелерінде жасөспірім қыздар арасында жыныстық тәрбиені ұғындыру, репродуктивті денсаулықты жақсарту және ерте жүктіліктің алдын алу, күйзелісті басқара білу және қауіптілігі туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Қыз – болашақ ана», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы», «Болашаққа қамқорлық» атты тақырыптарда 536 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 23 854 жас қамтылды.
Жастардың психологиялық денсаулығы бойынша «Жеке тұлғалық даму» (жеке тұлғалық даму, кәсіби тұлға болып қалыптасу, шығармашылық даму, деструктивті мінез-құлық және ерте жүктіліктің алдын алу) тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, 17 000 жас қамтылды.