Жастарды қоғамдық жұмысқа тарту, қоғамдық жауапкершілігін арттыру және азаматтық борышын өтеу мақсатында волонтерлік жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша 127 волонтер ұйымдары (бағыттары бойынша: Birgemiz: Asyl Mura, Birgemiz: Bilim, Birgemiz: Qamqor, Birgemiz: Saýlyq, Birgemiz: Sabaqtastyq, Birgemiz: Taza Álem, Birgemiz: Úmit, Birgemiz: Ayala, Корпоративтік волонтерлік, Күміс волонтерлік жұмыс істеуде, оларға 17 402 астам жастар белсенді мүшесі болып табылады.
Birgemiz: Asyl Mura – мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарихи-мәдени және мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту;
Birgemiz: Bilim – еріктілерді тарту арқылы халықтың әртүрлі топтарының, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
Birgemiz: Qamqor- әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарына, оның ішінде қарттар үйлерінде еріктілерді тарту;
Birgemiz: Saýlyq -денсаулық сақтау саласындағы волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайда ем көрсететін медициналық мекемелердің (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т. б.) волонтерлерді тартуы;
Birgemiz: Sabaqtastyq – балалар үйлеріндегі балалар мен жастарға және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарға, балаларға қатысты еріктілерге тәлімгерлік ету практикасын енгізу;
Birgemiz: Taza Álem – азаматтарды экология, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету, экологиялық қауіпсіздік саласындағы волонтерлік қызметке тарту;
Birgemiz: Úmit – жоғалған адамдарды іздеу, халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға еріктілер мен азаматтарды тарту;
Birgemiz: Ayala – жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған волонтерлік бастамалар мен жобаларды дамыту.
Корпоративтік волонтерлік – қандай да бір ұйым қызметкерлерінің өз компаниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерікті қатысуы;
Күміс волонтерлік – 50 жастан асқан адамдардың волонтерлік қызметі. 2024 жылы еліміздің солтүстігі және батысында су тасқыны бойынша орын алған төтенше жағдай кезінде, Түркістан облысынан 1000-ға жуық тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліп, ерікті жастарымыз су тасқыны орын алған өңірлерге барып алдын-алу жұмыстарын атқарды.
Волонтерлар тек апатты оқиға кезінде ғана емес, күнделікті тұрмыста да белсенділік танытып жүр.
2024 жылы ел өңірлерінде жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамашылдығымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, «Таза өлке» және «Киелі Мекен», «Жасыл Аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 92 мыңға жуық еріктілер қатысты. Сондай-ақ, 92 636 мың түп ағаш көшеттері және 10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1 174 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 245 киелі-мекендерде көше бойларындағы ағаштарды әктеу, сырлау, қоқыс қалдықтары шығарылса, 258 қарт кісілердің үйілеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, облыстық жастар ресурстық жанынан ашылған «Jas Qadam» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен, қайырымдылық апталығы өткізілді. Апталықта, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің орталығында «Мейірімділік – асыл қасиет» атты қарттар үйінде мерекелік шара өтті.
Сондай-ақ, Сайрам ауданы «Жанұя типтегі балалар үйі», Төлеби ауданы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» және Арыс қаласы «Т. Тәжібаев атындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы» балалар үйінде концерттік қойылымдар көрсетіліп демеушілердің қолдауымен сыйлықтар табысталды.
Облыстық аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарына қарасты волонтерлік ұйымдар және ұлттық волонтерлік желінің фронт-офистері жалпы саны 36 ұйым жұмыс жасауда.
Түркістан облысының жастары елімізде орын алған төтенше жағдайлар кезінде алдыңғы шепте тұрып қызмет ететіндердің бірі. 2023 жылы еріктілеріміздің саны 8 000 жуық болса, 2024 жылы 10 000 жас ерікті болуға ұсыныс білдіріп, еріктілеріміздің саны 18 000 жетті.
Облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Jas Qadam» еріктілер ұйымы, Ұлттық волонтерлік желінің қолдауымен өткізілген «Қарттарға қуаныш сыйла» әлеуметтік-қайырымдылық акциясы аясында Республикалық «Волонтеры Birgemiz: Qamqor» жобасының жеңімпазы атанды.
Волонтерлар тек апатты оқиға кезінде ғана емес, күнделікті тұрмыста да белсенділік танытып жүр.