basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ  ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Қаңтар 10, 2025
in Жаңалықтар
0
ЖАСТАРДЫ  ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫН АЛҒАН
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ”Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер” бөлімінің ұйытқы болуымен ауыл және ауылдық округтің жастар ісі бойынша инспекторларының 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының қорытынды жиыны өтті.

Жиында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алған жастар, атқарылған іс-шаралар, талантты жастармен жұмыс, психологиялық көмек беру бойынша атқарылған жұмыстардың көрсеткіштері туралы баяндама жасалды.

Жиын барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің басшысы Ташкенбай Айбек Әміреқұлұлы және Басшы орынбасары Турымбетов Нурдаулет Бахытбекұлы қатысып ІV – тоқсан 10 бағыты бойынша жасаған жұмыстары және ауылдық жерлерде жастар саясатын дамыту барысында атқарған қорытындысы бойынша ауыл инспекторларға жұмысты күшейту керектігі айтылып, ескертулер мен тиісті тапсырмалар берілді.

Одан бөлек ерікті жастардың қа­ты­­суы­мен акциялар өткізілуде. Атаулы ме­ре­келерде ауданның ерік­ті жас­тарымен бірлесе түрлі ша­­ра­лар ұйымдастырамыз. Мәселен, жалғызбасты, көпбалалы ана­­лар­ды мереке қарсаңында құт­тық­тап, кішігірім сыйлықтарын табыс­тай­мыз. Сондай-ақ Ха­лық­аралық бала­ларды қорғау күніне орай ру­­ханият орталығында кәсіпкер­лер­­дің демеу­шілігімен балаларды қуан­ту мақсатында бір күн бойы іс-ша­­ралар өтті. Бұдан бөлек ауыл жас­та­рының жазғы уақытын тиімді өт­кізу мақсатында аймақтық спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Әр­дайым жас­тармен кездесіп, жат ағым­­дар­дан сақ болу мақсатында, қыл­мыс­тың алдын алу бағытында, тәр­биеге байланысты жоғары сынып оқу­шы­ларымен жиі кездесулер ұйым­дастырамыз. «Жасыл ел» еңбек жасағымен де қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан құмар ойын, энер­гетикалық сусындар зия­ны туралы денсаулық орта­лы­ғы­мен бірлесіп, тү­сіндірме жұмыс­та­рын жүргізуде.

– Мүмкіндігі шектеулі жаста­рды қоғамдық ортаға тарту мақ­сатында концерттік бағдар­ламаларда өз өнерлерін көрсетуге ықпал жасап, іс-шаралардан қалыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесе отырып, түрлі бағытта шаралар өткізіп келеміз және жоспарға сәйкес алдағы уақытта да ұйымдастырамыз,- дейді сала жауаптылары.

Previous Post

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАҒАН

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі