basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қаңтар 14, 2025
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы және Сайрам аудандық Ішкі Саясат Бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Молдияр Бахтиярұлының қатысуымен Сайрам ауданы «№56 Ю. Гагарин» жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынды діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.

Кездесу барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар қойылды. Дін саласы төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.

Кездесуде қатысушылар деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары, оны ұстанушылардың іс-әрекеттері мен қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдаланып жүрген жат ағымдағы діннен сақ болуға шақырды.
Жастар ресурстық орталығының мамандары діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарын барынша нәтижелі өткізіп келеді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Адамзат баласы өткен ғасырдағы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен бетпе-бет келді. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен терроризмнің және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, уаххабизм және т.б. түрлі қауіп-қатерлер болып табылады.

Қазіргі таңда біздің елдегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті діни идеологиялардың таралуы болып отыр. Ең алдымен «деструктивті» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтардың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.

Деструктивті діни ағымдар негізінен материалдық тұрғыда шегіне жеткен, бірақ рухани тұрғыдан әлсіреген қоғамынан шығуда. Олардың пайда болу шарттары да күрделі. Материалдық жағынан дамыған қоғамның әсіресе студент жастар, зиялы  қауым өкілдері мен өнер жұлдыздары және қарапайым көпшілік арасында теріс діни ағымдардың жаппай таралуына және етек алуына қоғамдағы әлеуметтік психологиялық мәселелер де әсер етті. Күнделікті өмірлерінен мезі болған олар, бақытты материалдық құндылықтардан емес, керісінше рухани құндылықтардан іздейді.

 

Previous Post

ЖАСТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА: ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «ҰСТАЗ» ФИЛЬМІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі