basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ҰСТАЗ» ФИЛЬМІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Қаңтар 15, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ҰСТАЗ» ФИЛЬМІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін түркістандық педагогтар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Ұстаз» фильмін тамашалады. Кинотуындының өңірдегі таныстырылымында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, фильм директоры Думан Алтынбекұлы, продюсері Әбіл Әділбек пен басты рөлді сомдаған актерлері сөз сөйлеп, ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы беделі жоғары екенін алға тартты.

– Бүгінгі таңда жаңа заманның талабы да күшейіп, әлем елдерімен бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Мақтанатын да тұстарымыз жоқ емес. «Ұстаз» фильмі осы ұлы мамандықтың қиындығы мен қызығы мол әр сәтіне терең үңілдіреді. Ұстаз есімінің ең ұлағатты, ең қадірлі мамандық екенін бүгінгі «Ұстаз» фильмі тағы да дәлелдеп өткендей. Шәкірт алдындағы аса жауапкершілік пен оларға білім мен тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардан тұратын мұғалім қызметін айна-қатесіз сипаттаған фильм облыстың барлық аудандарындағы педагогтарға көрсетілуде, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген фильмнің сценарийін марқұмның жары Гүлмира Зербай жазған. Туындыда өз ауылына қайтып ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалды. Жас маман балалардың білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі тәсіл қолданады. Оқушыларды арман-мақсатқа жетуіне шабыттандырады.

Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы, мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге деген ұмтылысы мен жаңашылдығы, сондай-ақ педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.

Таныстырылым кезінде сөз сөйлеген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, фильмді еліміздің басты телеарналарынан көрсету және барлық өңірлерде педагогтер қауымдастығы арасында тарату жөнінде ұсыныс білдірген еді.

Мемлекет басшысы педагогтардың қоғамымызда маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сөздер педагогтарды қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдармен бекітілді. Алғашқы және маңызды қадамдардың бірі 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы болды, ол педагогтардың жұмыс жүктемесін азайту, артық функциялардан босату және жаңа ынталандыру шараларын енгізу мәселелерін реттеді. Осы фильмнің негізгі миссиясы – педагогтың тек мамандық емес, нағыз шақыру, миссия екендігін көрсету. Олардың қоғамдағы рөлін терең түсінуге, жас мұғалімдер үшін жауапкершілікті сезінуге және кәсіби дамуға шабыттандыратын маңызды себеп болатынына сенемін, – деген еді министр.

Айта кетейік, фильмнің мақсаты – қоғамдағы педагог мәртебесін көтеру. Толықметражды кино бір айға жуық уақыт ішінде Жетісу облысында түсірілген.

 

Previous Post

САЙРАМ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Next Post

Түркістандық оқушылар әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі