«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.
Түркістан облысында 1458 жасқа, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.
Ал, осы мемлекеттік бағдарламалды шалғай ауылдар мен елді мекен жастарына түсіндіру, кеңінен насихаттау мақсатында аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары ауыл-ауылдарды аралап, NEET санатындағы жастардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша анықтап, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Қазіргі таңда, күн тәртібіндегі маңызды мәселе айналған жұмысты жүйелендіріп, жандандыру үшін жастар көп шоғырланатын орындарда, сауда орындары мен саябақтарда тиісті сала мамандарының қатысуымен «Ашық есік» күндері ұйымдастырылуда. Бұл бағыттығы іс-шаралар жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жүргізілетін болады.
Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастар тәжірибесі негізіндегі А.Жолдасбекова жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізді
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында Сауран ауданының Ораңғай ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.
Кездесуде жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтті.
Жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар:
«Серпін-2050»
«Жастар практикасы»
«Бастау бизнес»
«Әлеуметтік жұмыс орны»,
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы
«2,5% несие алу » бағдарламалары түсіндірілді.