Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімнің “Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында жиналыс өтті.
- Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылысқа тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлықтың ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ міндет екені айқын.
- Жиналыс барысында А.Дүйсенбекова қоғамымыздағы жемқорлықтың жол жоқ екенін түсіндіріп, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екенін айтып өтіп, Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау маңыздылығын ескертті.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптетерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. Қазір әлем елдерінің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – жастардың арасындағы сыбайлас жемқорлық. Орасан зор салдары бар бұл әлеуметтік дерттен біздің қазақстандық жастар қоғамы да белгілі бір деңгейде зардап шегіп отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуімен назар аудартады. Себебі, жемқорлық дерті мемлекеттік қызметке баратын жастардың және пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті. Алайда, еліміз тәуелсіздік алғалы бері қаншама заңнамалар қабылданып, сан алуан іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келсе де, бұл келеңсіз құбылыстың жолы кесілмей қойды.
Бүгінгі заманда жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуына жастардың жұмыссыздығы, баспана мәселесі, елдегі әлеуметтік ахуалдың әлі де төмендігі, осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы, жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы, жастардың өз-өзіне сенбеушілігі, жастардың санасына сыбайлас жемқорлық ұғымының дендеуі, қоғамда демократиялық дәстүрлердің сақталмауы, және т.с.с. көптеген себептер әсер етеді. Әсіресе, жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне көз жұмып қарауы мен пара берушілікке бой алдыруы үрдіске айналғаны рас.
Жалпы, «мәдениет» ұғымының мағынасы өте кең және бұл құбылыс ең маңызды әлеуметтік үдерістермен тығыз байланысты болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің болуы әр адамның құқықтық сауаттылығына да байланысты, бұл біреуде төмен, біреуде жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін нығайтады, сөйтіп ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез-келген құқық бұзушылыққа тойтарыс бере алатын дәрежеге жетеді. Бұл әрине, әрбір адамның азаматтық ұстанымына, өмірлік қағидаларына, тұлға ретіндегі қасиеттеріне байланысты қалыптасады. Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы, ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Әсіресе, жастардың осы тұрғыда сауатты болуы қажет.