basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Қаңтар 16, 2025
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ”Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер” бөлімінің ұйытқы болуымен ауыл және ауылдық округтің жастар ісі бойынша инспекторларының 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының қорытынды жиыны өтті.

Жиында мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алған жастар, атқарылған іс-шаралар, талантты жастармен жұмыс, психологиялық көмек беру бойынша атқарылған жұмыстардың көрсеткіштері туралы баяндама жасалды.

Жиын барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің басшысы Ташкенбай Айбек Әміреқұлұлы және Басшы орынбасары Турымбетов Нурдаулет Бахытбекұлы қатысып ІV – тоқсан 10 бағыты бойынша жасаған жұмыстары және ауылдық жерлерде жастар саясатын дамыту барысында атқарған қорытындысы бойынша ауыл инспекторларға жұмысты күшейту керектігі айтылып, ескертулер мен тиісті тапсырмалар берілді.

үркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30 пайызын құрайды. Облыстағы жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 40 863 жасты тарту жоспарланған болатын. Жастарды аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыру мақсатында аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 6 айда 10 008 жас тартылды. Қазіргі таңда, орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 169 918 жасқа кеңес берілді.

«Серпін» бағдарламасы бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері солтүстіктегі жоғарғы оқу орындарына арнайы іссапармен барып, бірқатар ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды. Өткен жылы «Серпін –2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында 6 университеттің өкілдері келіп, аудандарда мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

Одан бөлек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұлттық жобасы аясында жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5% көлеміндегі несиені 621 жасқа беру жоспарланып отыр.

Жастар саясатындағы негізгі бағыттар бойынша: жастарды жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлерді қолдау, ауқымды жобалар мен гранттардың санын арттыру, шағын және орта бизнеске айрықша көңіл бөлу, «Жастар ресурстық орталықтары» КММ-нің жұмыс жүйесі мәселелері талқыланған жиында Парламент Мәжілісінің депутаты барлық пікірлерді назарға алып, алдағы уақытта жұмыс жүргізетіндігін мәлімдеді. Біздің орталық аудандағы жасөспірімдердің мәселелерін де назардан тыс қалдырған емес. Осы ретте ауданымызда «Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы» атты семинар-тренинг жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл маңызды семинар биыл да өтті. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Созақ ауданында психолог мамандары мен ата-аналардың қатысуымен жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдаяттардың алдын алуда мамандарды және ата-аналарды дайындауға арналған семинар-тренинг өте жоғары деңгейде өткен болатын.

Семинар-тренингтің мақсаты: суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналарды, қоғамды ақпараттандыру, ескертуші белгілерін үйрету, психикалық, репродуктивті денсаулықты нығайту болып табылады.
Аталмыш семинар-тренингті БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, психолог маман Әбдірахманова Сымбат Нұртазақызы жүргізді.
Семинар-тренинг барысында «Психикалық денсаулық негізі» мен «Репродуктивті денсаулық» атты тақырыбында интерактивті таныстырылым өтті. Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға психикалық денсаулық, оған әсер ететін факторлар, суицидке баратын адамдардың белгілері, олармен сөйлесу, көмек алу, алдын алу жолдарын және репродуктивті денсаулық, оған әсер ететін факторлар, балаларды педофилден қорғау, гигиена тақырыптарын, алдын алу жолдарын үйретті.
Сонымен қатар тренингке қатысушылар «Белсенді тыңдау» қарым-қатынастың негізі айдарында практикалық жаттығу арқылы белсенді тыңдау дағдысына талдау жасады. Тренинг соңы қатысушылар қатысқан зерттеудің ниеті туралы өз ойларымен қорытындыланды.

 

Previous Post

ЖАСТАРҒА «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі