basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қаңтар 16, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастарды жатқылықтан алыстату мақсатында, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылдық округінің АПБ бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Т.Орынбасар және «Руханият» бөлімінің басшысы Қ.Елеуов қатысуымен «А.Асқаров» атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттайтын жиын өткізілді.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар етіп жеке тұлғаның еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне деген өз ой – пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Жиын соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптарын алды.

Айта кетсек, өткен жылы өңірде  310309 жасқа, биыл екі айда 41331 жасқа кеңес берілген. Нәтижесінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша мыңға жуық жас оқуға түскен. Еліміздің солтүстігі мен орталығында орналасқан жоғарғы оқу орындарында келіссөздер жүргізілген. Бағдарлама аясында былтырғы оқу жылында Сайрам, Келес және Жетісай ауданынан жастар көптеп тартылған. Бұдан бөлек «Жастар практикасы» бойынша 9 мың жас жұмыспен қамтылған. «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 500-ден астам жас маман жұмысқа орналасқан. Ал жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 594 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген несие берілген. Бүгінге дейін мыңға жуық өтінім келіп түскен. 15 мыңнан астам жас колледждерге тегін оқуға түсіп, бөлінген грант толық игерілген.Қазіргі таңда NEET санатындағы 58 510 жас бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Жастарды келеңсіз жағдайдан қорғау мақсатында психо-профилактикалық шаралар, ыстық нүкте бойынша психопрофилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жастарға жеке мәселе бойынша психологиялық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек ауылдар мен елді мекендерде де рейдтік және республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Өңірде әскерге шақырушылар саны артып келеді. Облыс бойынша 122 волонтерлық ұйым жұмыс істейді, оған 8 366 белсенді жас мүше.

Previous Post

КЕЛЕС: ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Next Post

  ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ НАСИХАТТАУ, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙГЕН

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі