Ел біріксе екпінді күшке айналады. Бұны әу бастан түсінген халқымыз қашанда елді бірлік пен ауызбіршілікке шақырып отырған. Міне, атадан балаға мұра, қала берді үлкендер салып кеткен құндылық ретінде қолданыста келе жатқан жарасымды тірліктің жарқын үлгісі әлі де ауылдағы ағайынның айбынын асқақтатып келеді. Қазір қай істе болмасын біріге қалатын ауылдастар көп. Қол көмек немесе асар деген әдістердің шынайы ұғымы осы ауызбіршілікке саяды. Ал сол әдіс қазір қай ауылда болмасын сақталып қалған. Соңғы жылдары ауыл жастарының бірлікте іс қылуы үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр. Бұл қуантарлық жайт. Бүгінде сондай бірлікте күн кешіп, жарасымды тірлік көрсетіп келе жатқан қазығұрттық жастарды көпке үлгі еткіміз келді. Шындығында «Ниетке найза бойламас» деген қазығұрттық жастардың бұл бастамасы мұнымен шектеліп қалмапты. Ауыл жастары мешітке дыбыс күшейткіш қондырғылар мен имамның қажетті заттарына көмек көрсеткен. Яғни, орындық және мешітте қажетті өзге де заттар. Әрине айтар ауызға оңай көрінгенмен мұндай амалдардың қаржылық шығына бірлі-жарым азаматтардың қалтасына салмақ болуы мүмкін. Демек бұл есте де елдің бірлігі, жастардың қайырымдылығы көпке үлгі болып тұр. Осы сынды жақсы амалдардың жалғасы бір ауылда көрініс тауып жатыр. Мұнымен тоқтап қалмақ емес. Біз сөзге тартқан Бақытжан ағамыздың да ауыл жастарына айтар алғысы шексіз.
«Ниетіне қарай амалы» деген ғой. Қазір қай ауылдан болсын жақсылықты да, кемшілікті де табасың. Сол секілді мен ауылымның тек жақсылықтарына куә болсам деген тілекпен жүрген жанмын. Сондықтан жақсылықтар жалғаса берсін деймін. Сөз ретінде тағы бір жақсы бастаманы тілге тиек етсем. Өткен жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болатын ауыл жастары өзара ауызбіршілік танытып, ауылдың кіреберісіне 200 түп көшет отырғызды. Бұл да кейінгілерге үлгі боп қалатын ең қайырлы амалдардың бірі. Қуанып қалдық. Туған жеріміздің гүлденуіне атсалысқан азаматтарға тұтас ауыл риза болды. Айта берсек жақсылық жасап жарысуға ниетті жандар жеткілікті. Тек олардың әрбірін жеке-жеке айтып шығу мүмкін. Анығында, әркімнің амалы өзіне аян. Тек елімізде жақсылық болсын. Біз соған тілекшіміз, – дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Иә, ел жастарының қайырымды іске болысып, бірлікте әрекет етуі қуантарлық жайт. Бізде осы қуаныштың еселенуіне тілекшіміз. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылдарда мұндай жарасымды тірлік әлі де үзілген жоқ.
Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауыл округінің Мәдениет үйінде елімізге танымал, қоғамның маңызды мәселелерін ашық талқылап, жастарды ұлттық құндылықтарды сақтауға, ұлттық рухты насихаттап жүрген ақын айтыскерлер ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге Бекарыс Шойбеков, Карима Оралова, Еркебұлан Хайназаров, Тұрар Тілеулиев, Біржан Байтуов, Мұхтар Ниязов, Даурен Ақсақалов ақындарымыз ауыл тұрғындарына деген және ауылға деген сүйіспеншіліктерін арнаумен жеткізді.
Ел біріксе екпінді күшке айналады. Бұны әу бастан түсінген халқымыз қашанда елді бірлік пен ауызбіршілікке шақырып отырған. Міне, атадан балаға мұра, қала берді үлкендер салып кеткен құндылық ретінде қолданыста келе жатқан жарасымды тірліктің жарқын үлгісі әлі де ауылдағы ағайынның айбынын асқақтатып келеді. Қазір қай істе болмасын біріге қалатын ауылдастар көп. Қол көмек немесе асар деген әдістердің шынайы ұғымы осы ауызбіршілікке саяды. Ал сол әдіс қазір қай ауылда болмасын сақталып қалған. Соңғы жылдары ауыл жастарының бірлікте іс қылуы үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр. Бұл қуантарлық жайт. Бүгінде сондай бірлікте күн кешіп, жарасымды тірлік көрсетіп келе жатқан жастарды көпке үлгі еткіміз келді.