basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Төлебиде ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

Қаңтар 16, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Төлебиде ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында жүз жасқа жеткен және жүзден асқан 10-ға жуық қария бар. Төлеби ауданының жасы 100-ден асқан қарияларды мерекелерімен құттықтады. Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Көксәйек ауылдық округінің тұрғындары 100-ден асқан қазыналы қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтады. — Ұрпағыңыз үмітіңізді ақтап, мерейіңізді өсірер мақтанышыңызға айналсын. Алланың берген жасын мазмұнды да мағыналы өткізуге, немере, шөбереңіздің қызығын көре беруіңізге тілектеспін. Жанұяңызға құт береке, деніңізге саулық тілеймін, деді аудан әкімі. 105 жастағы Құралай Оразбаева қаңтар айының алғашқы күндері туылса, 101 жастағы Пернекүл Бектемірова 15 – ші қаңтарда күні дүниеге келген. Жастық шақтарын тыл еңбегіне арнаған әжелер туған күндерімен арнайы құттықтап келген аудан басшысына алғыстарын айтып, ақ батасын берді. Құралай Оразбаева 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана. Үлкен ұлы 78 де, кішісі 60 жаста. Кейуана 70 жасқа дейін Сакен Сейфуллин колхозында жұмыс істеген. Бүгінде 30 немере, 31 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отыр. Пернекүл Бектемірова 1 ұл, 2 қыздың анасы. Бүгінде 7 немере 27 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отырған әженің ұлы Есентай Тойбеков 77-ға толса, қызы Оразкүл Тастемірова 75 жаста. Айта кетейік, Төлеби ауданында жүз жасқа жеткен және жүзден асқан 10-ға жуық қария бар.
Сауран ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жаңа жыл мерекесі күні қариялардың үйлерін аралап, мерекемен құттықтады. Әкім орынбасары алдымен Ескі Иқан ауылына табан тіреп, Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері Закир Мұсаевтың шаңырағында болды. Облыс әкімінің атынан құттықтау хатын жеткізіп, әкімдік атынан ат мінгізіп, сый-сияпат жасады.

Әкім орынбасары содан кейін 102 жастағы Хапиза Эрметованың үйіне барды. Ертай Алтаев батыр ананы қос мереке – туған күні және Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлығын табыс етті. Ақ жаулықты ана құттықтай келегндерге алғысын айтып, ақ батасын берді. Елдің тыныштығын тілеп, ризашылығын білдірді. Хапиза Эрметова 1923 жылы 1 қаңтарда Жаңа Иқан ауыл округі, Ақтөбе елді мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен Хапиза апа сол қиын кезеңде ел үшін үлкен еңбек сіңірді. Соғыс аяқталғаннан кейін, 1953 жылы Ескі Иқан ауылына қоныс аударып, отбасымен бақытты өмір сүріп, 8 баланы тәрбиелеген. Еңбек ардагері 39 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: ҮЛГІЛІ АУЫЛДА, ҮЛГІЛІ ЖАСТАР

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР АРАСЫНДА «БІЗ БІРГЕМІЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі